
Қытай Халық Республикасының «Достық» ордені
Дереккөз: Википедия
Қытай Халық Республикасының «Достық» ордені — Қытайдың мемлекет құрылысы мен жаңғыруына, Қытай Халық Республикасының шетелдік мемлекеттермен байланыстары мен ынтымақтастығын дамытуға, сондай-ақ бүкіл әлемде бейбітшілікті сақтауға ерекше үлес қосқан шетел азаматтары лайық бола алатын ең жоғары марапат.
Орден дөңгелек пішінді, негізгі түстері — алтын және көк. Орденнің ортасында көк фонда жер шарының үстіндегі бейбітшілік кептері, ал оның астында қол алысу бейнеленген. Орден Қытай халқының әлемнің барлық елдерінің халықтарымен достығы мен ынтымақтастығын білдіреді. Орден 2016 жылғы 1 қаңтарда бекітілген.
2019 жылғы 28 сәуірде Қытай Халық Республикасының (ҚХР) Төрағасы Си Цзиньпин Нұрсұлтан Назарбаевқа мемлекеттер арасындағы тату көршілік екіжақты қатынастарды дамытуға және жан-жақты стратегиялық әріптестікті арттыруға қосқан үлесі үшін «Достық» орденін табыс етті. Қазақстанның Тұңғыш Президентін марапаттаудың ресми рәсімі ҚХР Халық жиналыстары үйінде өтті.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Достық орденімен марапаттау рәсімі, 2019 ж. сәуір
Дереккөз: Акорда
Дереккөздер:
«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу