Басты бетке қайту

Петр Столыпиннің қоныс аудару саясаты

«XX ғасырдың басында Ресейдегі шаруалардың жағдайы ауыр болды. 1861 жылғы крестъяндық құқықтың жойылды. Миллиондаған басыбайлы шаруалар бостандық алғанымен оларға жеткілікті жер берілмеді. Жер учаскелерінің басым бөлігі помещиктердің қолында қалып, шаруалардың жер үлестері кішкентай және құнарсыз болды.

Премьер-министр Петр Столыпин мәселені екіжақты стратегиямен шешуді көздеді: жеке жер иелену арқылы қауымдастықты бұзу және Сібірге, Оралға және Қазақстанға жаппай қоныс аудару. Столыпиннің аграрлық реформасы (1906–1911 жж.) осы стратегияны іске асыруға арналды. Оның бірнеше негізгі элементтері болды:

  • Шаруа қауымдастығын жойып, хутор иелері (жеке иелік) мен бірлескен иеліктерді  құру;
  • Жерге жеке меншікті қолдау;
  • Шаруаларды елдің халық сирек қоныстанған аудандарына жіберу, ең алдымен Сібірге, Оралға, Қиыр Шығысқа және Қазақстанға белсенді қоныс аударту.

1907 жылы билік көшіп келуге ниет білдіргендерге 60 гектарға дейін жер телімдерін меншікке беретінін, қоныстануға 400 рубльге дейін қарыз беретінін, көшуге арналған көлікпен (мал мен үй мүліктерін алып кетуге) қамтамасыз ететінін жариялады. Адамдарды тасымалдау үшін арнайы жабдықталған вагондар салынды. Олар Столыпин вагондары деп аталды. Қоныс аударушылар бірнеше жылға салықтан босатылды.

1907 жылдан 1914 жылға дейінгі кезеңде Ресейдің еуропалық бөлігінен шығысқа қарай шамамен 3 млн адам көшті. Олардың басым бөлігі кедейлер болды. Алайда, 17%-ға жуығы кері қайтып оралды, өйткені жаңа өмір жағдайыолар үшін өте қатал болды.

Столыпиннің қоныс аудару саясаты Сібірдің дамуына әсер етті: реформа барысында Сібірде және Қиыр Шығыста 10 мыңнан астам жаңа ауылдар мен деревнялар пайда болды. 1906–1914 жылдары ресми деректер бойынша, Ресей империясының Азия бөлігіне 3,7 миллионнан астам адам (үй иелері және олардың отбасы мүшелері) қоныс аударды, бұл алдыңғы 20 жылмен салыстырғанда екі есе көп. 1906 жылдан 1913 жылға дейін Ақмола, Торғай, Орал және Семей облыстарына 430 мыңнан астам шаруашылық қоныс аударды.

Столыпиннің аграрлық реформасының Қазақстандағы салдары кешенді болды. Оның оң жақтарына келсек. Реформа жаңа жерлерді игеруге және ауыл шаруашылығын дамытуға ықпал етті. Реформа кезеңінде шамамен 30 млн десятина тың жер айналымға енгізілді, ал Қазақстанға 1,5 миллионнан астам адам қоныс аударды, бұл жаңа фермерлік шаруашылықтардың құрылуына және ауылшаруашылық өнімдерін өндірудің өсуіне жағдай жасады. Қоныс аударушылар үшін жағдай жасалды: жер телімдері, ауыл шаруашылығы құрал-жабдықтары, мал берілді, мектептер, моншалар, емдеу пункттері салынды, бұл аймақтағы инфрақұрылымның дамуына ықпал етті. Екінші жағынан Ресейдің еуропалық бөлігінен шаруалардың жаппай қоныс аударуы түпкілікті қазақ халқынан жерді тартып алумен қатар жүрді, әрі құнарлы жерлер тартып алынды. Бұл жергілікті тұрғындардың жаппай жерсізденуіне және қазақтар мен қоныс аударушылар арасындағы әлеуметтік шиеленістің өсуіне әкелді. Қоныс аудару саясаты аймақтың отарлануын және орыстануын күшейтті, бұл патша саясатына қарсы және қазақ халқының ұлт-азаттығы үшін ұлттық толқулар мен көтерілістер басталуына себеп болды.

 

Дереккөздер:

Үлкен Ресей энциклопедиясы

Qazaqstan Tarihy E-history.kz

World of NAN

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу