Басты бетке қайту

Николай Канищев

Николай Павлович Канищев – Қазақстанның металлургия өнеркәсібінің ардагері, Халықаралық металлургтер одағының мүшесі және «Қазақстанның металлургиясы және тау-кен өндірісі» сараптамалық кеңесінің мүшесі.

Қарағанды металлургия комбинатында ұзақ уақыт бойы жұмыс істеді, комбинатқа келген жас жұмысшылардың тәлімгері болды. Николай Канищев өзінің күнделік жазбаларында Днепродзержинск училищесіне оқуға жіберілген, комбинатқа қайтып оралған жас жігіттердің «нақты, асықпай жұмыс істегенін, өз істерін сауатты орындағанын» жазады. Оқудан кейін өндіріске оралған жас қазақстандық металлургтер арасында Қазақстан Республикасының болашақ Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев та болған.

Николай Канищев былай деп еске алады: «Мен Қарметкомбинат директоры Григорий Иванович Ермолаевпен бірге Украинада оқып келген жас жігіттерді мұқият бақыладық. «Мұндай жігіттермен мақтануға болады, – деп қайталайтын Григорий Иванович. – Олар дың кәсіптік-техникалық училищеде жақсы шыңдаудан өткені көрінеді».

Николай Канищевтің пікірінше, Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік деңгейге дәл осы металлургия арқылы жеткен. Себебі металл балқыту үшін ғылымның, тәжірибенің, тәжірибенің (сынақтың), эксперименттің үйлесімі қажет, ал мұндай үйлесімді жүзеге асыру металлургтен ойлануды, әрекеттерді, жасампаз істің нақтылығын талап етеді. Ардагер өндірілген металда энергия мен жігер бірігеді, психология қалыптасады, адамның жаны ашыла түседі деп есептейді.


Қазақстанның металлургия өнеркәсібінің ардагері Николай Канищев «Металлургия, металл өңдеу, машина жасау» көрмесінің ашылуында (сол жақтан екінші). Алматы, 2013.
Дереккөз: Kazcomak.Kz

 

Дереккөздер:

Kazcomak.kz

Қазақстан тарихы порталы

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу