Басты бетке қайту

Махатхир Мохамад (1925 жылы туған)

Махатхир Мохамад 1925 жылы Малайядағы (қазіргі Малайзия) Кедах штатының Алор-Сетар қаласында дүниеге келген. Оның әкесі мемлекеттік қызметкер болған, штатта ағылшын тілінде оқытатын алғашқы мемлекеттік мектеп ашқан.


Махатхир Мохамад
Дереккөз: Wikimedia Commons

«Жасөспірім кезінде 1942–1945 жылдардағы Малайяны Жапонияның оккупациялауын көрді. Мектептердің жабылуына байланысты отбасына көмектесу үшін кофе және дәстүрлі тағамдар сатуға мәжбүр болды. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін елді қытайлық және үнділік мигранттармен толтырған колониялық Британ үкіметінің қызметіне қарсы шықты.

1953 жылы Сингапурдегі Малайя университетінің (қазіргі Сингапурдың Ұлттық университеті) медицина факультетін бітірді. Әртүрлі медициналық мекемелерде жұмыс істеді, ал 1957 жылы Кедах штатына оралып, жеке клиникасын ашты.

1946 жылы Біріккен Малай Ұлттық Ұйымына (БМҰҰ, 1973 жылдан бастап – «Ұлттық майдан») – билеуші «Одақтық партия» коалициясының жетекші партиясына қатарына кіреді. 1964 жылы алғаш рет парламентке сайланды, ал бір жылдан кейін БМҰҰ Жоғарғы кеңесінің мүшесі болады».

«1969 жылы елдің Премьер-министрі Тунку Абдул Рахманды байырғы малай халқының мұқтаждықтарына жеткіліксіз көңіл бөлді деп айыптап, ашық хат жариялайды (ол кезде экономиканың өнеркәсіптік және коммерциялық секторларының басым бөлігі қытайлық және үнділік иммигранттарға тиесілі болған). Осыдан кейін ол партиядан шығарылып, дәрігерлік қызметке көңіл бөледі.

1970 жылы «Малай дилеммасы» («The Malay Dilemma») атты кітап жазды, онда байырғы халықты енжарлығы және өз құқықтары үшін күресуге құлықсыздығы үшін сынады. Кітапқа Малайзияда 10 жылға тыйым салынды.

1972 жылы БМҰҰ-ға қайта оралып, партияның Жоғарғы кеңесіне кіреді. 1974–1977 жылдары Малайзияның Білім министрлігін басқарды. 1976–1981 жылдары бір мезгілде Премьер-министрдің орынбасары және Сауда және өнеркәсіп министрі қызметтерін атқарды. 1981 жылы БМҰҰ төрағасы болып сайланды.»

 «1981 жылы парламенттік сайлауда БМҰҰ жеңіске жеткеннен кейін Малайзияның Премьер-министрі болады. Ел үкіметін 2003 жылға дейін басқарады, сонымен қатар Қорғаныс министрі (1981–1986), Әділет министрі (1987), Ішкі істер министрі (1986–1999) және Қаржы министрі (1998–1999 және 2001–2003) қызметтерін қатар атқарады. Малайзияның «экономикалық кереметінің» негізіне айналған және әлемдегі ірі экономикаларының бірі болуына мүмкіндік берген бірқатар экономикалық және әлеуметтік реформаларды жүргізді. Бірқатар ірі кәсіпорындарды: авиакомпанияларды, телекоммуникациялық фирмаларды, коммуналдық және көлік құрылымдарын мемлекет меншігіне қайтарды. Сонымен бірге, индустрияландыруға және жоғары технологияларды дамытуға бағыт алып, шетелдік капиталды белсенді тарта бастады. Нәтижесінде, 1987 жылдан 1995 жылға дейін Малайзияның жан басына шаққандағы ЖІӨ жыл сайын 8%-ға өсіп отырды».

«Бұдан басқа, ол бірқатар ірі құрылыс жобаларын іске асырды, олардың ішінде: «Солтүстік – Оңтүстік» жедел автомагистралі, Киберджайя ғылыми қалашығы, Сепангадағы Формула-1 жарыстарына арналған автодром, Куала-Лумпур халықаралық әуежайы, «Петронас» егіз мұнаралары және т.б. бар.

Әлеуметтік салада байырғы малай халқына артықшылықтар берді, бұл малай кәсіпкерлерінің қуатты тобын қалыптастыруға мүмкіндік берді. Нақты ғылымдарға баса назар аударған бірыңғай мектеп бағдарламасымен білім беру реформасын жүргізді.

1997–1998 жылдардағы Азиялық қаржы дағдарысы кезінде Оңтүстік және Шығыс Азия елдерін нарықтарын шетелдік қатысушылар үшін ашуға шақырған Халықаралық Валюта Қорының (ХВҚ) ұсыныстарын орындаудан бас тартты. Оның орнына ринггитке (Малайзия валютасы) қатысты доллардың тіркелген бағамын енгізді, мемлекеттік шығыстарды ұлғайтты және өнеркәсіп саласын жаңартты. Нәтижесінде Малайзия дағдарыстан ең аз зардап шеккен елдердің қатарында болды.

2003 жылы Премьер-министр қызметінен кетті. 2016 жылы БМҰҰ-дан шығып, өзінің Малайзия Жері Ұлдарының Біріккен партиясын құрды. 2018 жылы әлемдегі ең жасы үлкен (92 жастағы) Премьер-министр атанып, Малайзия үкіметін қайта басқарды.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Махатхир Мохамадтың «Үміт Альянсы» коалициясының сайлаудағы жеңісіне байланысты жолдаған құттықтау жеделхатында: «Сайлау нәтижелері халықтың Сіздің дана басшылығыңызбен Малайзияның болашақта жаңа белестерге жететініне деген сенімінің дәлелі болды. Бұған 1981 – 2003 жылдар аралығында Малайзияның қарқынды дамуына қосқан ауқымды үлесіңіз дәлел. Қазақстан мен Малайзия арасындағы достық қарым-қатынас жылдан-жылға тереңдеп, жан-жақты кеңейіп келеді» деп атап өтілді.

2020 жылы отставкаға кетті. Оның 1983–1999 жылдары жұмыс істеген ресми резиденциясы Шри Пердана музейге айналды.

 

Дереккөздер:

ТАСС

BRICS Magazine

Мәскеу халықаралық қатынастар мемлекеттік институты (МХҚМИ)

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу