Басты бетке қайту

Қызыләскер - Киров автокөлік жолы

Қызыләскер (қазіргі атауы Лесбек батыр) – Киров (қазіргі атауы Асықата) автокөлік жолы Қазақстанның Оңтүстік Қазақстан облысында (қазіргі Түркістан облысы) орналасқан. Қазіргі уақытта бұл жол – А-15 ұлттық жолының бір бөлігі.


Сырдария өзені арқылы көпірмен өтетін Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қызыләскер (қазіргі Лесбек батыр) - Киров (қазіргі Асықата) автокөлік жолы
Дереккөз: Яндекс карта

Жол құрылысы 1999 жылдың қазанында басталды және жоба бойынша 2002 жылдың тамызында аяқталуы керек еді. Алайда, құрылысшылар өз жоспарларын қайта қарап, жолды Тәуелсіздік күніне орай бітіруге шешім қабылдады. 2001 жылдың шілдесінде трассадағы Сырдария өзені арқылы өтетін, ұзындығы 460 метрді құрайтын үлкен көпірдің түйісуі өтті. Бұл көпір бұрын облыстың негізгі аумағынан бөлініп қалған Мақтаарал ауданын облыспен қосты.

Жол құрылысы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен іске асырылды. Құрылыс барысында жергілікті тұрғындар бұл трассаны «өмір жолы» деп атап кетті. Бұрын мақтаралдықтар Шымкентке жету және қайта оралу үшін Өзбекстан аумағы арқылы өтуге мәжбүр болды. Кеден бекеттері мен шекаралық бақылау енгізілгеннен кейін бұл қиындай түскен еді. Жаңа жолдың пайда болуы мемлекеттік шекараны кесіп өту қажеттілігінен құтқарды, әрі Шымкенттен Мақтааралға дейінгі қашықтық 120 км-ге қысқарды.

Жолдың ашылуы 2001 жылдың соңында, Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығын мерекелеу қарсаңында өтті. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев ашылу салтанатына жеке қатысып, өңір тұрғындарымен әңгімелесті. Бұл жол сол кезде елдің ең оңтүстік бөлігін және онда тұратын 360 мың тұрғынды облыстың басқа аудандарымен байланыстыратын жалғыз дерлік жол болды.


Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қызыләскер - Киров жолындағы автокөлік көпірі
Дереккөз: ПромТрансПроект сайты

Жолдың жалпы ұзындығы 53 км-ді құрады. Оны салу үшін Сырдария өзені арқылы ұзындығы 460 метр болатын үлкен көпір салынды. Бұл көпірдің өзіндік ерекшелігі бар. Ол 42 метрлік 4 аралықтан (пролет) және 21 метрлік 16 аралықтан тұрады. Көпірдің қадалары (сваи) құрылыстың тұрақтылығы мен беріктігін қамтамасыз ету үшін өзен түбіне 38 метрге дейін тереңдетілген. Бұдан басқа, 5 шағын көпір және Сырдарияның жайылмасы арқылы ұзындығы 18 км болатын бөгет (дамба) тұрғызылды.

Қызыләскер – Киров втокөлік жолы мемлекет қазынасына 3 млрд 200 млн теңгеге түсті.


Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қызыләскер - Киров жолы
Дереккөз: ПромТрансПроект сайты

 

Дереккөздер:

ПромТрансПроект сайты

Казахстанская правда

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу