Басты бетке қайту

Хангелді (Қангелді) батыр (1688–1763)


Хангелді Сырымбетұлы
Дереккөз: Тарих

Хангелді Сырымбетұлы батыр 1688 жылы дүниеге келген. Ол өз заманының белгілі батыры болған, Ұлы жүздің ықпалды билеушілерімен араласқан, ру басқарып, жорықтарда әскерге басшылық еткен. Жоңғар басқыншыларына қарсы шайқастарда, атап айтқанда, Аягөз, Тесіктас (Қазақстан аумақтары) жерлерін азат етуде ерлікпен және батылдықпен көзге түседі. Аңырақай шайқасында (1723–1730 жылдардағы қазақ-жоңғар соғысының қазақтар үшін соңғы, жеңісті шайқасы) жауынгерлерді ұрысқа бастап шыққан. Жоңғар басқыншыларына қарсы күреске онымен бірге оның үлкен ұлы Тілеуке және немересі Райымбек те қатысады, олар да батырлығымен танылды. Халық ауыз әдебиетінің деректері бойынша, Хангелді Абылай сұлтанды жоңғар тұтқынынан босатуға қатысқандардың қатарында болған.

Сондай-ақ, Хангелді батыр дипломатиялық қабілетімен де танымал болып, бірнеше рет халықаралық келісімдер жасасқан. Қытай дереккөздерінде Хангелді батырдың Жауғаш батырмен бірге шекаралық мәселелерді шешу үшін Қытайға барған елшіліктің құрамында болғаны туралы мәліметтер бар.

Хангелді батыр Ресей-қазақ келіссөздеріне қатысты, Ресей патшайымы Анна Иоанновнаға Ресей құрамына кіру ниеті туралы хатты жазруға атсалысады. 1734 жылы қазақ делегациясының құрамында Санкт-Петербургке барады.

Қазақтың аты аңызға айналған батыры Райымбектің атасы әрі тәрбиешісі.

Хангелді батыр дүниеден 1763 жылы озған.

 

Дереккөздер:

Тарих

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу