Джонатан Уильям Патрик Айткен 1942 жылы Дублинде (Ирландия) дүниеге келген. Оның отбасының кең ауқымды саяси байланыстары болған. Әкесі — Ұлыбритания Парламентінің депутаты, анасы — Британ империясының Ең Үздік орденінің кавалері атағын иеленген (бұл орден мәдениет, ғылым және қайырымдылық саласындағы жетістіктер үшін берілетін рыцарлық орден), ал атасы барон болған.

Джонатан Айткен
Дереккөз: Діни қызметкер Джонатан Айткеннің ресми веб-сайты
Джонатан Уильям Патрик Айткен 1942 жылы Дублинде (Ирландия) дүниеге келген. Оның отбасының кең ауқымды саяси байланыстары болған: әкесі Ұлыбритания Парламентінің депутаты, анасы Британ империясының Ең Үздік орденінің кавалері (мәдениет, ғылым және қайырымдылық үшін берілетін рыцарлық орден), ал атасы барон болған. 1964 жылы Оксфорд университетінің Крайст-черч колледжінің заң факультетін бітіреді. Ол Вьетнамда, Биафрада (1967–1970 жылдары болған, ішінара танылған Нигерияның оңтүстік-шығысындағы мемлекет) және Таяу Шығыста әскери тілші болды. Сондай-ақ бірқатар басқа мерзімді басылымдармен және телеарналармен ынтымақтастық орнатты. Саяси мансабын 1964 жылы Ұлыбритания Парламентінің депутаты Селвин Ллойдтың жеке хатшысы болудан бастады. 1966 жылдан бастап парламенттен орын алуға ұмтылды, бірақ сайлауда бірнеше рет сәтсіздікке ұшырады. Ақырында, 1974 жылы Консервативті партиядан парламент мүшесі атанды, бірақ жоғары лауазымдарды иеленген жоқ.
1999 жылдың қаңтарында «The Guardian» британдық газетімен болған жанжалға байланысты жалған куәлік бергені және әділ сотқа кедергі келтіргені үшін айыпты деп танылып, 18 айға бас бостандығынан айырылды, бірақ жеті ай ғана отырады.
Түрмеде грек тілін және христиандық теологияны (дінтануды) оқи бастайды.
Бостандыққа шыққан соң, Оксфорд университетінің теология факультетіне түсіп, 2002 жылы оны үздік бітіреді. 2000 жылы оның алғашқы автобиографиялық кітабы «Гордость и лжесвидетельство» (Мақтаныш және жалған куәлік) жарық көреді.
2009 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Назарбаев және Қазақстанның қалыптасуы» атты өмірбаянын жазды.
Кітапқа Қазақстан басшысымен, оның жақын серіктерімен, сондай-ақ бұрынғы әріптестерімен болған әңгімелері негіз болады.
Сұхбатында Джонатан Айткен Нұрсұлтан Назарбаевты «көрнекті саясаткер және саяси қызметі ұзаққа созылған бірегей тұлға» деп атайды.

Джонатан Айткеннің «Назарбаев және Қазақстанның қалыптасуы» (Nazarbayev and the Making of Kazakhstan) кітабының ағылшын тіліндегі мұқабасы
Дереккөз: Amazon
2012 жылы Джонатан Айткен Қазақстан тарихындағы посткеңестік кезеңге арналған «Қазақстан және тәуелсіздіктің жиырма жылы» атты кітабын жазады. Оның басқа да жұмыстарының қатарында «Ботқа және құмарлық» автобиографиясы(2005), «Никсон: Ғұмыр» биографиясы (1993), «Чарльз В. Коулсон: Өтелген өмір» (2005), «Джон Ньютон: Терең түсініктен таңғажайып рахымға» (2007), «Маргарет Тетчер: билік пен тұлға» (2013), «Мерзімін өтеуші: Рухани өмір сүру нұсқаулығы»(2021)
Дереккөздер:
«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу