Рушылдық/жершілдік/тектілік жүйесі XV–XVI ғасырлар тоғысында Орыс мемлекетінде ақсүйектердің иерархиялық орнын және мемлекеттік лауазымдарға тағайындау тәртібін белгіледі. Мұндай тәртіптің атауы ата-бабасының дәрежесіне және қызметтік жағдайына сәйкес патша дастарханынан «орын» алу әдет-ғұрпынан шыққан. Патшаға жақын адамдардың ішінде тегі арыдан келе жатқан, асыл, ал ата-бабасының мемлекеттік мәртебесі жоғары деп саналған адам патшаға ең жақын орынды иеленді.
Осы иерархияға сәйкес, лауазымдарға тағайындау жүзеге асырылды. Патшаға жақын «орны» бар адам әскерде немесе азаматтық қызметте ең жоғары, мәртебелі лауазымдарға ие болды. Адамның жеке еңбегі мен басқа да жағдайлар (мысалы, патша отбасымен туыстық) кейде оған дәстүрлі шарттар бойынша талап етуге болатын орыннан гөрі жоғары орын алуға мүмкіндік берді және осылайша оның ұрпақтарының мәртебесін арттырды. Рушылдық/жершілдік/тектілік нормалары бойынша мемлекеттік лауазымдардың басым көпшілігіне тағайындау жүргізілді. Тағайындау адамның жарамдылығымен немесе қабілетімен емес, оның «тегімен» (асыл тектілігімен) және туыстарының жағдайымен анықталды. Нормалардың дұрыс қолданылуын Разряд Приказының қызметкерлері қадағалады. IV Иван Грозный патша кезінде жоғары ақсүйектер тізімі берілген «Мемлекеттік шежіре кітабы»(шамамен 1555 ж.) және барлық жаңа тағайындаулар жүргізілген жоғары лауазымдарға тағайындау тізімдері – «Мемлекеттік разряд» құрастырылды.
Уақыт өте келе рушылдық/жершілдік/тектілік жүйесі мемлекеттің басқарушы кадрларға деген қажеттіліктерін сандық және сапалық тұрғыдан қанағаттандырмады. Қызметке қабілетіне емес, тектілігіне қарай тағайындау принциптері тиімді мемлекеттік аппарат пен армияның жауынгерлік қабілетіне кедергі келтіре бастады.
1680 жылы әскердегі рушылдық/жершілдік/тектілікті «мәңгілікке» жою жарияланды, ал 1681 жылғы 24 қарашада (4 желтоқсанда) патша Федор Алексеевичтің рушылдық/жершілдік/тектілікті толық және жалпыға ортақ жою туралы жарлығы жарық көрді.
Қазіргі түсінікте бұл сөздің мағынасы теріс. «Рушылдық» деп адамды оның қабілеті мен кәсіби қасиеттеріне емес, қандай да бір топқа (отбасы, ру, клан және т.б.) тиесілі болуына, яғни сол топтың ықпал ету деңгейіне қарай лауазымға тағайындауды айтады. Бұл жағдайда лауазымға ие болу критерийлері үміткердің қабілеті емес, оның тобының ықпалдылығына қаралды. Сондай-ақ, бұл сөз адамның жалпы іске зиян келтіріп, тар жергілікті, локалды мүдделерді бірінші орынға қоятын әрекеттерін сипаттау үшін де қолданылады.
Дереккөздер:
«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу