Басты бетке қайту

«Нұр-Астана» мешіті («Әбу Насыр әл-Фараби»)


«Нұр-Астана» мешіті
Дереккөз: Википедия

«Нұр-Астана» мешіті (2021 жылдан бастап «Әбу Насыр әл-Фараби») – ел астанасы Астана қаласында орналасқан Қазақстанның ең танымал мешіттерінің бірі.

Мешіт құрылысы 2002 жылдан 2005 жылға дейін ливандық сәулетші Чарльз Хазифтің жобасы бойынша Катар Әмірінің өтеусіз сый ретінде берген қаражатына салынды.

2005 жылғы 22 наурызда Наурыз мерекесі қарсаңында мешіттің ашылу салтанаты өтті.«Нұр-Астана» 2012 жылы «Әзірет Сұлтан» бас мешіті салынғанға дейін Қазақстандағы ең үлкен мешіт болып саналды.

Ашылу салтанатында Президент Нұрсұлтан Назарбаев мешітке Қисуаның (Мұсылмандардың Меккедегі қасиетті орны Қағбаның қара жібекке алтын кестемен тігілген жабыны) бір бөлігін және Сауд Арабиясы королінің кітапханасынан қасиетті құран кітабын сыйға тартты.


«Нұр-Астана» мешіті
Дереккөз: Kazakhstan.travel туристік порталы

Мешіттің ауданы 4 мың м²-ге жуық. Бас зал бір мезгілде 5 мың ер адамды сыйдыра алады, ал әйелдер намаз оқитын балконның сыйымдылығы тағы 2 мың адамды құрайды.

Құрылыста символизм элементтері қолданылған: күмбездің биіктігі 40 метрді құрайды (бұл Мұхаммед пайғамбардың алғашқы уахи түскен кезіндегі жасы), ал мұнаралардың биіктігі – 62 метр (пайғамбардың жердегі ғұмыр мерзімі).


«Нұр-Астана» мешіті 
Дереккөз: Рухани ағарту порталы 


«Нұр-Астана» мешіті
Дереккөз: Рухани ағарту порталы

Мешіт іші құраннан алынған қасиетті аяттармен және ислам өнері үшін дәстүрлі болып саналатын сары, көк, алтын түстес және жасыл түстермен салынған өрнектермен безендірілген.

Мешіт аумағында 6,7 гектар жерді алып жатқан субұрқағы бар сквер және Имам үйі орналасқан. Сондай-ақ, мешіт жанында медресе ашылған.


«Нұр-Астана» мешітінің 2021 жылы атауының өзгеруі
Дереккөз: Gov.kz

2021 жылы «Нұр Астана» мешітінің атауы өзгертіліп, қазір ойшыл әрі ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің есімімен аталды.

 

Дереккөздер:

kz24.news

Welcome.kz Қазақстан туралы ақпараттық-туристік портал

«Спутник» экскурсияларды онлайн брондау сайты 

Forbes Kazakhstan

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу