
Владимир Гусинский
Деоеккөз: РИА Новости
Владимир Александрович Гусинский 1952 жылы 6 қазанда Мәскеуде дүниеге келген. Орта мектепті бітіргеннен кейін Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетіне оқуға түседі, бірақ екінші курста нашар үлгерімі үшін оқудан шығарылады.м1981 жылы Анатолий Луначарский атындағы Мемлекеттік театр өнері институтының (қазіргі ГИТИС) режиссерлік факультетін бітіреді. Провинцияда театр режиссері болып жұмыс істеді.
1980 жылдардың басында Мәскеуге көшіп келеді. Мәдени-бұқаралық іс шараларды ұйымдастырумен айналысқан.
1986 жылы Борис Хаитпен бірге «Металл» өндірістік кооперативін ұйымдастырды, кооператив мыс білезіктер мен әйелдердің басқа да әшекейлерінен бастап металл гараждарға дейін әр түрлі заттар шығаратын. 1988 жылы клиенттердің, негізінен шетелдік клиенттердің тапсырысы бойынша қаржылық және құқықтық консультациялармен, сондай-ақ саяси талдаумен айналысатын «Инфэкс» консультациялық-ақпараттық кооперативін құрады.
1989 жылы «Инфэкс» және америкалық «Арнольд және Портер» заң фирмасы «Мост» бірлескен кәсіпорнын құрды, 1989 жылдың қазанында «Мост-банк» құрылды, ал 1992 жылы «Мост» тобы» АҚ холдингі құрылды, онда Владимир Гусинский 1997 жылдың қаңтарына дейін президент және бас директор болады. Мәскеудегі құрылыс және жылжымайтын мүлік мәмілелерімен айналысқан.
1993 жылдан бастап өзінің медиа-империясын құрумен және саяси партияларды қолдаумен айналыса бастады. 1993 жылы «Мост» тобы «Сегодня» газеті мен НТВ (Новое ТелеВидение) телекомпаниясының тең құрылтайшысы болды. Сондай-ақ, «Мост-банк» «Эхо Москвы» радиостанциясына демеушілік жасады.
1997 жылдың қаңтарында Владимир Гусинский «Мост» тобының президенті өкілеттігін тоқтатып, «Медиа-Мост» холдингін басқарды. Холдингтің құрамына НТВ, НТВ+, ТНТ телекомпаниялары, «Сегодня» газеті, «Итоги», «Семь дней», «Караван историй» журналдары, «Эхо Москвы» радиосы кірді. 1998 жылдың қыркүйегінен 2000 жылға дейін – «Медиа-Мост» ЖАҚ Директорлар кеңесінің президент-төрағасы қызметін атқарды. Бұл холдинг Ресейдегі ең қуатты медиа-империялардың бірі болды және елдегі ақпараттық күн тәртібіне және қоғамдық көңіл-күйге елеулі түрде ықпал етті.
2000 жылдан бастап ол New Media Internet (inopressa.ru, newsru.com, superstyle.ru, ej.ru және т.б.) компаниясының тең иесі болады. 2001 жылдан 2006 жылға дейін «Остров» баспасының тең иесі («Деловая хроника», «Еженедельный журнал», «Табурет», «Путь и Водитель» журналдары) болды. 2001 жылы RTVi(Russian Television International) телеарнасының негізін қалады. Сонымен қатар, 1996 жылдың қаңтарынан 2001 жылдың наурызына дейін Ресей еврей конгресінің (РЕК) президенті қызметін атқарады.
2000 жылдың маусымында Владимир Гусинский тұтқындалып, оған алаяқтық бабы бойынша айып тағылды, бірақ кейіннен елден шықпау туралы қолхатпен босатылды. Оның НТВ телеарнасы және басқа да медиа-құрылымдары «Газпром» компаниясының иелігіне өтті. «Медиа-Мост» холдингі 2001 жылдың мамырында сот шешімімен таратылды. Көп ұзамай Владимир Гусинский Ресейден кетіп, алдымен Испанияға, одан кейін Израильге эмиграциялады.
Источники:
«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу