Басты бетке қайту

«Сингапур ғажайыбы»

Сингапур – әлемдегі ең шағын мемлекеттердің бірі, оның аумағы небәрі 710,2 шаршы километрді құрайды. ХХ ғасырдың ортасына дейін ел ағылшын отары болады. 1951 жылы ол Британ империясының құрамында өзін-өзі басқаратын мемлекет мәртебесін алды. 1963 жылы бұл қала-мемлекет Малайзияның құрамына енді, ал 1965 жылдың тамызында бұл елден бөлініп шығып, тәуелсіз мемлекет атанады.


Сингапур 1965 жыл
Дереккөз: Дзен 

Жаңғыру басталғанға дейін Сингапур айқын экономикалық артықшылықтары мен табиғи ресурстарының айтарлықтай қоры жоқ, кедей, үшінші әлем елі болды.  Тіпті тұщы суды да ел Малайзиядан импорттауға мәжбүр болды. Халықтың көп бөлігі лашықтарда тұрып күнелтті және сауатсыз болды. Елде сыбайлас жемқорлық, есірткі саудасы және теңіз қарақшылығы өркендеді.

Мемлекеттің жаңғыруы 1959 жылы «Халықтық әрекет» партиясы жалпы сайлауда жеңіске жетіп, оның жетекшісі Ли Куан Ю Премьер-министр болып тағайындалғаннан кейін басталды. Ли Куан Ю-дың экономикалық өзгерістерінің негізі ұлттық мүдде тұжырымдамасы болды. Бұл тұжырымдама бойынша, Сингапурдың саяси тұрғыдан өмір сүруі тек жедел экономикалық даму және әрбір азаматтың мүдделілігі жағдайында ғана мүмкін болады деп есептелді. Бұл ретте Премьер-министр кадр саясатында меритократия (қабілеттілікке негізделген басқару) қағидасын басшылыққа алды, жоғары лауазымдарға әлеуметтік мәртебесіне немесе этникалық тегіне қарамастан, ең қабілетті және талантты адамдарды тағайындады.

Премьер-министр Ли Куан Ю күш салған басты бағыттардың бірі – сыбайлас жемқорлықпен күрес болды. Ол кезде Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің көпшілігіндегідей, Сингапурда да туысқандық пен парақорлық кеңінен тараған еді. Бұған қарсы күресу үшін екі қағида басшылыққа алынды: бұлтартпас жаза болуы және ұсақ-түйекке қарамастан, заң алдында барлығының теңдігі, оның ішінде жоғары лауазымды саясаткерлер де жауапты болды. Билік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бюросын құрды. Бұл орган тікелей Ли Куан Ю-ға бағынды және қылмыстарды тергеуде шексіз өкілеттіктерге ие болды. Бюро қызметкерлері пара алды немесе берді деп күдіктелген кез келген азаматты ұстауға және тінтуге құқылы болды. Мұндай құқық бұзушылықтар үшін өте үлкен айыппұлдар енгізілді. Тіпті жемқорлық әрекеті туралы ақпаратты жасырғаны үшін де кінәліге он мың доллардан асатын айыппұл қаупі төнді.

Қатаң жазалар мен көрсетіп қамауға алудан басқа, Ли Куан Юдың Сингапурдағы сыбайлас жемқорлықпен күрестегі маңызды шешімі мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын айтарлықтай арттыру болды. Шенеуніктердің табысы жылына сегіз жүз мың АҚШ долларына, ал — судьяларының табысы миллион долларға дейін өсті. Жаһандық корпорациялардың топ-менеджерлері деңгейінде жалақы ала отырып, мемлекеттік аппарат қызметкерлеріне пара алу арқылы лауазымдары мен бостандығына қауіп төндіру тиімсіз болды. Бүгінгі таңда сингапур шенеуніктері әлемдегі ең жоғары жалақы алатындардың қатарында.

Үкімет шетелдік инвесторларды тартуға, қаржы нарығын және жоғары технологиялық өнеркәсіп салаларын дамытуға басты назар аударды. Сингапурда бизнесті тіркеу және реттеу үшін қарапайым және ашық рәсімдер қабылданды. Қала-мемлекет Азиядағы шетелдік корпорациялар үшін өте қолайлы жағдайлар орната алған алғашқы ел болды, сөйтіп бұл корпорациялар елде филиалдарын аша бастады. Төмен салық мөлшерлемелері бар қарапайым және ашық салық салу жүйесі құрылды. Қосарланған салық салуды жою үшін Сингапур шұғыл түрде 70-ке жуық келісімге қол қойды.

Бизнес жүргізу шарттарын жеңілдетумен қатар қала-мемлекет үкіметі дәйекті өнеркәсіптік саясатты жүзеге асырды. Билік басым салаларды бөліп көрсетті, оларға инвестиция салды және дамытты. Бұл сегменттер белгілі бір даму деңгейіне жеткеннен кейін, локомотивтер сияқты, бүкіл экономиканы алға сүйреді.

1960-шы жылдары (шикізат Индонезиядан жеткізілді) мұнайды қайта өңдеуге және заманауи теңіз портын құруға басымдық берілді. Бұл екі бағыт елді әлемдік сауданың ірі орталығына айналуына мүмкіндік беріп, халықты жұмыспен қамтамасыз етті. Бүгінде Сингапур әлемдегі мұнай өңдеу орталықтарының үштігіне кіреді (Хьюстон мен Роттердамнан кейін).

В 1970-ші жылдары жаңа басым бағыт пайда болды. Бұл сала бойынша да, атап айтқанда электронды өнеркәсіпте кішкентай Сингапур әлемдік көшбасшылардың біріне айналып үлгерді. Саланың дамуы елде төлемақысы жоғары жұмыс орындарын ашудан бөлек, сингапурлік кәсіпорындарды ең соңғы техникалармен қамтамасыз ете алды.

1980-ші жылы АТ-жоспар қабылданды, оның шеңберінде мемлекеттік мекемелер толық компьютерлендіруден өтті, бұл компьютерлік өнеркәсіпке мемлекеттік тапсырыс есебінен дамуға себеп болды. Бұл жеке компаниялардың да компьтерлендірілуін тездетті, осылайша компьютерлік өнеркәсіп қосымша ынталандыру алды. Бүгінде Сингапур — әлемдегі ең комьютерлендірілген елдердің бірі.

XX ғасыр соңында Үкімет жаңа даму бағытын тапты. Бұл — фармацевтика мен биотехнологияның дамуы.

Ли Куан Ю 1959 бен 1990 жылдар арасында Сингапур премьер-министрі болып, елді басқарды. Оны және «Халық әрекеті» партиясын халқы 7 рет қайта-қайта сайлаған.  1990 жылы Ли Куан Ю 67 жасында отставкаға өтініш береді, бірақ өзінің ізбасары Го Чок Тонгтың министрлер кабинетінде аға министр және парламент мүшесі қызметтерінде қалады. Ол елдің ішкі және сыртқы саясатына араласуды жалғастырды, себебі жергілікті шенеуніктер мен шетелдік әріптестер арасында абыройы жоғары болатын.

Сингапур дамуда үлкен жетістіктерге жетіп, нағыз тәуелсіз мемлекетке айналды. Осы жылдар ішінде елдің экономикалық көрсеткіштері әлемдік деңгейдегі рекордтарға жетті. Елдің жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) 33 есеге өсті. Халық саны 2,7 есеге артқанын ескерсек, шынайы ЖІӨ (жан басына шаққандағы) 12 есеге өскен. Сингапур экономикасы орташа көрсеткішпен жылына 5–6%-ға артып отырған, бұл әлемдік көрсеткіштен 2,5 есеге жоғары. Сингапур АДИ бойынша 11-орында тұр, бұл ретте ол тіпті АҚШ пен Ұлыбританияны басып озған. Ұзақ жылдар бойы жемқорлықтың ең төмен деңгейі бойынша алғашқы ондыққа кірді. Ал 2021 жылы бұл ел дәл осы көрсеткіш бойынша Швеция, Н(идерланды, Швейцарияны базып озып, бесінші орынға тұрақтады. 022 жылғы деректер бойынша, Сингапур тұрғындарының сауаттылық және білім деңгейі 97 пайыздан жоғары.


Қазіргі Сингапур 
Дереккөз: Дзен

 

Дереккөздер:

 

Дилетант

Әлеуметтік-экономикалық жобалар мен бастамаларды дамыту институты - ӘЭЖБДИ

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу