
Жәнібек Кәрібжанов
Дереккөз: Тұлғалар
Жәнібек Сәлімұлы Кәрібжанов 1948 жылы 23 қарашада РКФСР Омбы облысы, Шербақұл ауданы, Айбас ауылында (қазіргі Ресей Федерациясының Омбы облысы) дүниеге келген. 1971 жылы Омбы ауыл шаруашылығы институтының (қазіргі Петр Столыпин атындағы Омбы мемлекеттік аграрлық университеті) экономика факультетін экономист мамандығы бойынша бітірген. Өзі оқыған институтта сабақ береді, содан кейін Бүкілодақтық Мәскеу кибернетика ғылыми-зерттеу институтының зертханасын басқарады.
1982 жылы сұранысқа ие маман ретінде Қазақстанның Қостанай облысына жіберіледі, онда бас экономист, кейін совхоз директоры болып жұмыс істейді. 1988–1991 жылдары – Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының (ҚазКСР) Ауыл шаруашылығы министрі, содан кейін – Қазақстан Президенті мен Үкімет аппараты бөлімінің меңгерушісі және Көкшетау облысының басшысы (1992) болады.
1993 жылы ол Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалады. Оның жауапкершілігі аясына жекешелендіруді жүргізу және монополияға қарсы саясатты іске асыру кірді.
1994 жылдан 1997 жылға дейін және 1999 жылы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі қызметін атқарады. Сондай-ақ Премьер-министрдің орынбасары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлік жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы және Президент кеңесшісі лауазымдарын атқарған.
Бұл кезеңде ол Қазақстанның нарықтық экономикаға көшуі шеңберінде ауыл шаруашылығы саласын реформалауға белсенді қатысады. Оның жұмысы саланың тиімділігін арттыруға және ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған бағдарламаларды әзірлеу мен жүзеге асыруды қамтыды. Оның басшылығымен «Жер туралы» Заң әзірленіп, қабылданды, сондай-ақ Үкіметке өзін-өзі қаржыландыру және жергілікті өзін-өзі басқару тетіктері арқылы елді мекендердің әлеуметтік проблемаларын шешуге бағытталған жобалар енгізілді.
1997 жылы ол Ақмола облыстық әкімдігінің басшысы қызметін атқарды. Бұл кез Қазақстанның астанасын Алматыдан Ақмолаға (Астанаға) көшіру кезеңі болды. Осы жылдары Астананың елордалық мәртебесін қамтамасыз ету және жаңа астанаға көшіп келушілерге жағдай жасау үшін ауқымды жұмыстар жүргізілді: екінші ЖЭО (ТЭЦ) күрделі жөндеуден өтті, Ертіс-Қарағанды арнасынан су құбырын тарту басталды, үлкен ұшақтарға арналған ұшу-қону жолағы салынды, елорданың «жасыл белдеуі» көшеттерінің алғашқы учаскелері отырғызылды және т.б.
2001 жылдан 2007 жылға дейін ҚР-дың Қытайдағы, Вьетнамдағы, Моңғолиядағы және КХДР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болды. Қытай Халық Республикасында (ҚХР) Елші болған 5 жыл ішінде ҚХР мен Қазақстанның өзара тауар айналымы бірнеше есе өсіп, 8,4 млрд АҚШ долларына жетті.
2007 жылдан 2008 жылға дейін Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарады. Оның басшылығымен аймақта елдегі тұңғыш аймақ басшысы жанындағы Экономикалық кеңес құрылды, онда негізгі түйінді мәселелер талқыланып, оларды шешу жолдары белгіленді. Электр энергиясы тапшылығын жою бойынша облыстық тұжырымдама қабылданды, көлік жағдайы жақсарды. Осы кезеңде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Семипалатинск қаласының атауын Семейдеп өзгерту туралы идеясы іске асырылды (қазір Абай облысының орталығы), бұл қоғамдық қолдауға ие болды.
2008–2011 жылдары – Қазақстан Мәжілісі (Парламенттің төменгі палатасы) вице-спикері болды. «Парасат», «Достық» ордендерімен, «Астана», «Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталған.
Дереккөздер:
«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу