Кокс – бұл табиғи жанғыш материалдарды ауасыз жағдайда жоғары температураға (950−1050∘C) дейін ұзақ уақыт қыздыру арқылы (кокстеу) алынатын, беріктігі жоғары жасанды қатты отын. Кокстің негізгі мөлшері белгілі бір сападағы таскөмірден өндіріледі (таскөмір коксы). Таскөмір коксін өндіруге жарамды көмір (кокстелетін көмір), атап айтқанда, Қазақстандағы Қарағанды көмір бассейнінің кен орындарында өндіріледі. Сондай-ақ, мұнай коксы және шайырдан алынатын пек коксы да болады.

Таскөмір коксы
Дереккөз: Neftegaz
Таскөмір коксы бұл өлшемі бірнеше сантиметрге дейін жететін, сұр түсті, ұзартылған кеуекті кесектер. Ол ең алдымен шойын қорыту кезінде домна пештерінде қолданылады (домна коксы). Бұл процесте кокс жоғары сапалы, түтінсіз отын ретінде ғана емес, сонымен қатар, темір кенін шойынға айналдырудың химиялық процестеріне де қатысады.
Кокс әлдеқайда аз мөлшерде құю өндірісінде (құйма коксі), химия өнеркәсібінде, түсті металлургияда және т.б. салаларда қолданылады.
Дереккөздер:
«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу