УЕФА Чемпиондар Лигасы (ағылш. UEFA Champions League) – бұл Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) ұйымдастыратын, Еуропадағы ең беделді халықаралық клубтық футбол турнирі. Ол Еуропадағы жоғары дивизион клубтары арасында жыл сайын өткізіледі.
Турнирдің 1955/56 маусымнан 1991/92 маусымға дейінгі бұрынғы атауы – Еуропа чемпиондары кубогы болды. 1992/93 жылғы маусымда турнирдің форматы өзгертіліп, ол «Чемпиондар Лигасы» деп қайта аталды. Дәл сол кезде турнирдің гимні мен эмблемасы пайда болды.

Чемпиондар лигасының логотипі
Дереккөз: Сайт UEFA
Континенттің ең мықты клубы атану құқығы үшін өтетін турнирде Еуропалық ұлттық футбол қауымдастықтарының үздік командалары қауымдастықтың рейтингіне байланысты бірнеше командадан бақ сынайды.
Турнирді әлем бойынша миллиондаған жанкүйерлер тамашалайды, ал жеңіске жеткен команда келесі маусымға дейін турнирдің бас жүлдесі – Еуропа чемпиондары кубогын (ағылш. European Champion Clubs' Cup) жеңімпаз клубтардың аттары жазылған күйінде сақтауға алады.
2023/2024 жылғы маусымның соңына қарай УЕФА Чемпиондар Лигасының (Еуропа чемпиондары кубогының) жеңімпазы атағын 22 клуб жеңіп алған, оның 12-сі турнирді бір реттен артық ұтқан. Ең көп нәтиже көрсеткен – испандық клубтар, олар турнирде 20 рет жеңіске жеткен. Ең көп титул жеңіп алу бойынша рекордсмен – «Реал Мадрид» клубы, ол турнирде 15 рет жеңіске жеткен. Екінші орында – италиялық «Милан» клубы тұр, ол беделді титулды жеті рет иеленген.
Дереккөздер:
«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу