Басты бетке қайту

Халықаралық энергетикалық агенттік (ХЭА)


Халықаралық энергетикалық агенттіктің (ХЭА) логотипі
Дереккөз: Халықаралық энергетикалық агенттіктің (ХЭА) ресми сайты 

ХЭА – бұл жаһандық энергетикалық нарықтарға талдау жүргізумен, олардың дамуын болжаумен және мүше елдерге энергетика мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеумен айналысатын автономды үкіметаралық ұйым. ХЭА 1974 жылы Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымы (ЭЫДҰ) шеңберінде құрылған. 1973–1974 жылдардағы мұнай дағдарысына жауап ретінде құрылды. Бұл дағдарыс кезінде ірі өндірушілердің мұнай эмбаргосы бағаларды тарихи деңгейге көтеріп, дамыған индустриялық елдердің мұнай импортына тәуелділігінің осал тұсын көрсетіп берді. Агенттіктің бастапқы миссиясы мұнай жеткізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету және саяси ынтымақтастық, оның ішінде мұнай жеткізудегі ықтимал үзілістерге тиімді әрекет ету үшін ұжымдық әрекет механизмін құру, сондай-ақ энергияны үнемдеу саясатын әзірлеу болатын.


Халықаралық энергетикалық агенттікті (ХЭА) құру туралы келісімге қол қою. 1974 жылдың 18 қарашасы
Дереккөз: Халықаралық энергетикалық агенттіктің (ХЭА) ресми сайты

Энергетикалық қауіпсіздік ХЭА миссиясының негізі болып қала береді, бірақ агенттіктің бүгінгі қызметі климаттың өзгеруі мен таза энергияға көшу, сонымен қатар энергетикалық мәселелердің толық кешенін қамтиды.

ХЭА негізін қалаушы мүшелер: Австрия, Бельгия, Канада, Дания, Германия, Ирландия, Италия, Жапония, Люксембург, Нидерланды, Норвегия, Испания, Швеция, Швейцария, Түркия, Ұлыбритания және АҚШ. Одан кейінгі жылдары ХЭА-ға басқа елдер қосылды, 2024 жылдың соңына қарай ұйым 32 елден тұрды.

Қазақстан Халықаралық энергетика агенттігінің мүшесі емес, бірақ ХЭА-мен өзара әріптестік негізінде іс-қимылдар жасайды: Қазақстан ХЭА зерттеулері мен есептеріне енгізілген; ХЭА өкілдері бірлескен пленарлық отырыстарды ұйымдастыруды қоса алғанда, KAZENERGY Еуразиялық форумына қатысты; өз кезегінде ХЭА іс-шараларына Қазақстан өкілдері қатысады; 2024 жылы Қазақстанның ХЭА-мен ынтымақтастығын кеңейту талқыланды.


Адамдарға бағытталған Таза энергетикаға көшу жөніндегі ХЭА-ның жаһандық саммитінің ашылуы. Саммитке Қазақстан Республикасының (ҚР) өкілі Зульфия Сүлейменова қатысты
Дереккөз: Халықаралық энергетикалық агенттіктің (ХЭА) ресми сайты

Қазақстанның Халықаралық энергетикалық агенттікке (ХЭА) қатысты негізгі мүдделері әлемдік экономикаға интеграциялануға және Қазақстанның ХЭА-ға мүше елдердің жаһандық энергетикалық қауіпсіздік жүйесіне кіруге бағытталған стратегиялық бағытпен байланысты.

 

Дереккөздер:

Халықаралық энергетикалық агенттіктің (ХЭА) ресми сайты

KAZENERGY Қауымдастығының ресми сайты

Forbes Kazakhstan

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу