Басты бетке қайту

Психологиядағы нарцисс (нарциссизм)

Ол негізгі екі сипаттамамен: шамадан тыс өзіне ғашық болумен (өзімшілдік) және өзін тым жоғары бағалаумен және көп жағдайда онысы шындыққа жанаспайтын мінез-құлық қасиеті.

Бұл термин Нарцис туралы грек мифінен шыққан. Нарцис — сұлу жас жігіт. Ол Эхо атты нимфаның махаббатын қабылдамай, бұлақ суындағы өз бейнесіне ғашық болып қалады. Осы үшін жазаланған ол өз көрінісіне ғашық болуға мәжбүр болып өтеді, ақырында өзінің атымен аталған гүлге айналып кетеді.

Бұл терминді психологияға әйгілі психолог және психоанализдің негізін қалаушы Зигмунд Фрейд енгізген.

Нарцистік табиғатқа өзін-өзі сүю, үнемі таңданысқа мұқтаждық, сынға төзбеушілік, өзінің ерекшелігі мен маңыздылығына сенімділік, шектеусіз жетістіктері туралы қиялдар тән.

Психология мен психиатрияда өзін-өзі сүюдің белгілі бір деңгейі кез келген адамға тән және адам тұлғасының табиғи қасиеті болып табылады, тіпті, қойылған мақсаттарға жетуге ынталандырушы бола алады деп айтылады. Ал шамадан тыс нарциссизм ауытқу немесе тіпті елеулі тұлғалық бұзылыс ретінде қарастырылады.

 

Дереккөздер:

Википедия

Forbes

 

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу