Басты бетке қайту

Эмиссия

Эмиссия (лат. Emissio – шығару) деп әртүрлі қаржы құралдарын: қолма-қол ақшаны, бағалы қағаздарды(акциялар, облигациялар, депозитарлық қолхаттар), банктік карталарды айналымға шығаруды айтады. Мұны мемлекет, коммерциялық банктер, заңды тұлғалар, мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдары жүзеге асыра алады. Олар

Ақша эмиссиясы – бұл қолма-қол және қолма-қолсыз ақшаны айналымға шығару, нәтижесінде ақша массасы ұлғаяды. Қолма-қол ақшаны шығарудың монополиялық құқығына эмиссиялық орталық, әдетте, елдің Орталық (Ұлттық) банкі ие болады.  Қолма-қол ақша қаражатын физикалық түрде өндіру (монеталарды соғу және банкноттарды басып шығару) мамандандырылған кәсіпорындарда (монета сарайларында) жүзеге асырылады. Бұл кәсіпорындарда, әдетте, бағалы қағаздардың, төлқұжаттардың және жалған жасаудан жоғары қорғаныс құралдары бар басқа да маңызды құжаттардың бланкілері дайындалады.

Өздерінде қолма-қол ақшаны дайындайтын кәсіпорындары жоқ мемлекеттер, әдетте, ақшасын өндіруге басқа елдерге ақылы негізде тапсырыс береді. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгенің алғашқы эмиссиясы 1993 жылғы қарашада жүргізілді. Ол кезде жас тәуелсіз Республикада қажетті сападағы купюраларды басып шығаратын жеке жабдығы болмағандықтан, банкноттарды басып шығаруға осы салада үлкен тәжірибесі бар ағылшын компаниялары «Харрисон және ұлдары» мен «Томас де ля Ру» компанияларына тапсырыс берді. 1995 жылы 19 мамырда Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасының салтанатты ашылуы өтті. Қазіргі уақытта Қазақстанда теңге банкноттары мен монеталары Алматыдағы Банкнот фабрикасында және Өскемендегі Қазақстандық монета сарайында дайындалады.


Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасының логотипі
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасының сайты

 

Дереккөздер:

Ресейдің үлкен энциклопедиясы

Қазақстан тарихы порталы

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу