Басты бетке қайту

Шовинизм

Шовинизм (французша chauvinisme) — бұл ұлтшылдықтың (ұлтты қоғамдық бірліктің жоғарғы формасы және мемлекеттің негізі деп есептейтін идеология) шектен шыққан түрі. Ол бір ғана ұлттың ерекшелігін уағыздайды және бұл ерекшелік басқа халықтарды кемсітуге, езуге және қанауға құқық береді деп санайды. Шовинизмнің негізінде бір ұлттың мүддесін басқа барлық ұлттардың мүддесіне қарсы қою, ұлттық мақтаншақтықты(чванство) тарату, сондай-ақ ұлт араздығы мен өшпенділігін қоздыру жатыр.

«Шовинизм» терминінің шығу тегін француз драматургтері, ағайынды Карл-Теодор мен Жан-Ипполит Коньярлардың «Үш түсті кокарда» (1831 ж.) комедиясымен байланыстырады.

Бұл шығармадағы кейіпкерлердің бірі – Францияны «ұлы еткен» император Наполеонға бас иіп, оған табыну рухында тәрбиеленген, агрессивті-жауынгер жаңа сарбаз Николя Шовен. (Оның прототипі Наполеон соғыстарының ардагері Николя Шовен деген нақты тұлға деп есептеледі.) Осы кейіпкердің есімі жалпылама атауға айналып, «шовинизм» термині ұлтшылдық экстремизмнің түрлі көріністерін белгілеу үшін қолданыла бастады.

Шовинизм жат адамдарға, бөтен елдіктерге, басқа діндегі адамдарға қатысты жеккөрушілік пен дұшпандықтың туындауына және таралуына ықпал етеді. Бұл принцип «басқаша – бөтен – жат – жау» формуласынан көрінеді.

Оның шектен шыққан көрінісі — фашистік мемлекеттердің адамдарды жек көру идеологиясы мен саясаты.

Кең мағынасында бұл термин төзімсіздіктің немесе артықшылық сезімінің басқа формаларына да қолданылуы мүмкін: «мәселен, «ұлы державалық шовинизм» (көпұлтты мемлекетте үстем ұлттар өкілдерінің басқа халықтарды басып-жаншитын саясаты, соның ішінде расизм), «ерлер шовинизмі» немесе «әйелдер шовинизмі» (бір жыныстың екінші жыныстан артықшылығын жариялау).

 

Дереккөздер:

Үлкен Ресей энциклопедиясы

ВОУНБ

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу