Басты бетке қайту

Этнократтандыру

Этнократия (от грек т. еthos – халық, krateia – билік) – мемлекеттік лауазымдарда бір ұлт (этникалық тиесілік) өкілдері  болып (анық басым болып), осы билікті өз мүддесі үшін ұлтшылдық мақсатта пайдаланатын билік жүйесі. Бұл әділетсіздік атмосферасын қалыптастырады және әртүрлі халықтардың бейбітшілік пен келісімде өмір сүруіне кедергі  келтіреді.

Этнократтандыру – елде бір этникалық топқа ерекше артықшылықтар беріліп, ал басқа топтардың мүдделері еленбеуі.  Бұның көрінісі -  басты этникалық топ өкілдері даму үшін көбірек мүмкіндіктер алады, сол сияқты жұмысқа қабылдау немесе көмек беру, тұрмыстық мәселелерді шешуде олар преференцияларға ие болады.

Этнократияның мәні қоғамдық өмірдің түйінді мәселелерін шешуде басқа ұлттық, этникалық топтардың құқықтары еленбеуімен айқындалады. Этнократия көбінесе саяси экстремизм саясаты мен тәжірибесінің өнімі мен құралына айналады – этникалық мүдде бірінші орынға қойылады, жағымсыз қасиеттер мен ұмтылыстар таңылатын «бөтен» этностарға төзімсіздік насихатталады, «өз» халқының басын біріктіруге және басқа халықтарды келеңсіздіктер мен проблемаларға кінәлі «жаулар» деп тануға  мүмкіндік беретін қақтығыстар құпталады және өршітіледі. Этнократия жағдайында басқа этностың адамдарына төзбеушіліктің тұрмыстық деңгейге ауысуы жиі, бұның нәтижесінде ұлтаралық қақтығыстар мен жанжал туындайды. Билікті этнократтандырудың бір мысалы - Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Германияда орын алған фашистік режим.

 

Дереккөздер:

Ресей және отандастар

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу