Басты бетке қайту

Фототаспа: Астаналардың көшірілуі

«Кез-келген дәуірде, кез-келген қоғамда астананы көшіру - ерекше оқиға, мемлекет өміріндегі тарихи кезең. Бұған дейін бүкіл әлемде астаналар 140-тан астам рет ауыстырылған екен. Мысалы, Санкт-Петербург - Мәскеу, Карачи - Исламабад, Рио-де-Жанейро - Бразилиа, Мельбурн - Канберра» 


Арнайы жаңа қала салдырған Петр I-нің бұйрығымен Санкт-Петербург 1712 жылы Мәскеудің орнына Ресей мемлекетінің астанасы болды. Астана дәрежесі Петроградтан Мәскеуге 1918 жылғы 12 наурызда қайтарылды
Дереккөз: Gazeta.ru 

 
1958 жылы Пәкістанның астанасы Карачи қаласынан астана дәрежесі алынып тасталды. Басты себеп - ондағы халық санының шектен асуы және қаланың елорда функцияларын орындай алмауы. Уақытша астана Равалпинди қаласына көшірілді.  Исламабад қаласы салынып, 1967 жылы 14 тамызда елдің жаңа астанасына айналды.
Дереккөз: INIMA


Бразилияның астанасын Рио-де-Жанейродан Бразилиа қаласына көшіру ресми түрде 1960 жылы 21 сәуірде өтті. Ауыстырудың бастамашысы - 1955 жылы сайланған президент Жуселину Кубичек Ди Оливейра. Ол астананы Атлант мұхитының жағалауында орналасқан Риодан елдің орталығына жақынырақ жаңа қалаға көшіру Бразилияның ішкі аймақтарының дамуына ықпал етеді деп үміттенді
Дереккөз: Adme

  
Австралияның астанасы Мельбурннан Канберраға 1927 жылы көшірілді. Жаңа қала салу туралы шешім елдің екі ірі қаласы - Сидней мен Мельбурнның астана дәрежесіне таласуы себепті қабылданды. Астананы екі қаладан да едәуір қашықтықта салу жөн саналды
Дереккөз: VipGeo туристік порталы  

 

  
1791 жылы негізі қаланған Вашингтон қаласы Филадельфияның орнына ресми түрде 1800 жылы Америка Құрама Штаттарының астанасы болды. Бұл шешім тұрақты астананың қай жерде орналасатыны жөніндегі дауларға байланысты қабылданды - әр түрлі штат өкілдері мемлекеттің саяси орталығы өз жер аумағында орналасқанын қалады. Нәтижесінде Потомак өзенінде, бірде-бір штатқа кірмейтін аумақта жаңа қала салу туралы шешім қабылданды. Қала салынатын жерді Құрама Штаттардың тұңғыш президенті Джордж Вашингтон таңдады, жаңа қаланың аумағы Американы ашқан Христофор Колумбтың құрметіне Колумбия округі, ал астананың өзі ел басшысының құрметіне Вашингтон деп аталды.
Дереккөз: Businessinsider.es 

 

  
1923 жылғы 13 қазанда Түркияның Ұлы ұлттық ассамблеясы Түркия астанасын Константинопольден (Ыстамбұл) Анкараға көшіру туралы заң қабылдады. Шешім жаңа мемлекеттің – Кемал Ататүрк бастаған тәуелсіз Түркия Республикасының елдің ескі  сұлтандық құрылымынан алшақтау ниетінен туындады. Сондай-ақ шешімге жаңа астананың орналасуы да әсер етті - Анкара ел аумағының ішкері бөлігінде және ықтимал әскери қауіп-қатерден жақсырақ қорғалған.
Дереккөз: Дзен

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу