Саяси бытыраңқылық кезеңінен кейін, яғни бес династия мен он патшалық дәуірінен соң, 960 жылы генерал Чжао Куанъинь билікті басып алып, өзін Тай-цзу императоры деп жариялап, Сун династиясының негізін қалады. Оның билігінің басты міндеті – Тан династиясы құлағаннан кейін бұзылған Қытайдың бірлігін қалпына келтіру.
Тай-цзу және оның мұрагерлері орталық билікті нығайтуға және мемлекетті дамытуға ұмтылды. Олардың билік құрған кезеңі Қытай тарихындағы ең мықты кезеңдердің бірі, себебі бұл дәуір техникалық өнертабыстармен, экономикалық дамумен, бірегей мәдени туындылармен және философияның дамуымен ерекшеленді. Алайда бір орталық арқылы жүргізілген биліктің өзіндік кемшіліктері де болды. Әскер азаматтық әкімшілік тарапынан қатаң бақыланғандықтан, оның жауынгерлік қабілеті төмендеп, ал жалпы мемлекеттік бақылау уақыт өте келе экономика мен ғылымның дұрыс дамуына кедергі келтірді.
Сун династиясының басты ерекшеліктерінің бірі – бюрократиялық жүйенің дамуы. Шенеуніктерді іріктеу конфуцийлік қағидаттарға (Қытай философы Конфуций негізін салған ілім, ол билеушілер үшін моральдық құндылықтар мен тиімді басқару қабілетін бірінші орынға қойған) негізделген мемлекеттік емтихан жүйесі арқылы жүргізілді. Бұл төменгі таптан шыққан көптеген дарынды адамдарға мемлекеттік қызметке кіруге мүмкіндік беріп, шенеуніктердің құзыреттілік деңгейін айтарлықтай арттырды. Дәл осы Сун дәуірінде қытайлық бюрократиялық империяның тұғыры қалыптасып, оны мемлекеттің басты өкілдері – құдіретті конфуцийшіл-шенеуніктер басқарды. Азаматтық қызмет қуатты әлеуметтік көтермеге айналып, оның беделі жоғарылайды, алайда империяның басында оның өркендеуіне ықпал еткен шенеуніктердің үстемдігі кейіннен Сун империясының құлдырауына әкеледі. Бұған шенеуніктік беделдің артуы аясында әскери қызметтің құлдырауы айтарлықтай дәрежеде себеп болды.
Сун империясы кезінде Қытай әлемдегі ең дамыған экономикалардың біріне айналады. Өркендеудің негізгі факторлары – ауыл шаруашылығы, сауда және қаржы жүйесі. Суару жүйелері мен күріштің жаңа сорттарының дамуы тамақ өнімдерін өндіруді күрт арттырып, халықтың өмір сүру деңгейін көтереді. Күріштің негізгі жеткізушілері Қытайдың оңтүстік өңірлері болды. Жыртылған жердің көлемі тек XX ғасырда ғана басып озған көрсеткіштерге жетіп, халық саны қарқынды өсіп, Қытай тарихында алғаш рет адам саны 100 миллионға жетеді. 1127 жылға қарай Сун империясының халқы шамамен 118 миллион адамды құрады, бұл сол кездегі бүкіл әлем халқының үштен бірінен астамы еді.
Өнеркәсіпте, әсіресе тау-кен ісі мен керамика өндірісінде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. Дәл осы Сун дәуірінде ақ-көк түсті фарфорлар жетілдірілді.
Жібек, фарфор, қағаз және басқа да тауарлар Азияның түрлі өңірлеріне және одан тыс жерлерге өзен және теңіз сауда жолдары арқылы белсенді түрде экспортталды. Әлемде алғаш рет қағаз ақша қолданыла бастады. Бұл сауданы жеңілдетіп, қаржы жүйесінің дамуына ықпал етіп, экономикалық өсу факторларының бірі болды.
Қытай ғылыми және технологиялық өнертабыстар саласында жетекші орынға ие болды: шлюз қақпалары, су сағаттары, геодезиялық құралдар ойлап табылды. Кітап басу жетілдірілді, жылжымалы әріптермен басу ойлап табылды, салдарынан даму процесі жеңілдеп, білім кеңінен таралды. Баспаханалар мен кітапханалардың саны айтарлықтай өсіп, ең ірі императорлық кітапханада 80 000-нан астам том болады. Әскери технологиялардың дамуында нағыз төңкеріс – дәріні қолдану. Компас ойлап табылғаннан кейін теңіз саяхаты мен сауда қуатты серпін алады.
Сун династиясы өзінің мәдени дамуымен де танымал болады. Бұл кезеңде кескіндеме, каллиграфия және поэзия, тарихи ғылымдар мен тіл білімі дамиды. Буддизм, даосизм және конфуцизмнің дамуы неоконфуцизм сияқты, жаңа философиялық ағымдар пайда бола бастайды. Бұл империяның зияткерлік саласының маңызды тұғырына айналып, кейінгі ұрпақтарға үлкен әсер етеді.
Сун династиясының әлеуметтік саясат саласындағы жетістіктерін бірегей деп санауға болады. Қарттар мен баспанасыздарға арналған баспаналар, мемлекеттік ауруханалар, өрт сөндіру қызметтері, мемлекеттік астық қоймалары құрылады.
Экономикалық және мәдени өркендеуге қарамастан, Сун империясының сыртқы саясаты әлдеқайда сәтсіз жүргізіледі. Мемлекет елеулі сыртқы қауіптерге тап болады. Қытайдың солтүстік шекараларында көшпелі халықтар, атап айтқанда чжурчжэндер (маньчжурлар) мен моңғолдар біртіндеп күшейе бастады. XII ғасырдың басында чжурчжэндердің Цзинь империясынан жеңіліске ұшырағаннан кейін солтүстік аумақтар, оның астанасы Бянь (қазіргі Кайфэн) да жоғалады. Сун династиясының қалдықтары оңтүстікке көшуге мәжбүр болып, астанасы Линьань (қазіргі Ханчжоу) қаласына көшіріледі. Бұл кезең династияның бірінші кезеңі – Солтүстік Сунға (960-1127 жж.) қарсы Оңтүстік Сун (1127-1279 жж.) деп аталады.

Қытай Сун династиясының дәуірінде
Дереккөз: YouTube
Оңтүстік Сун Цзинь және басқа да көшпелі халықтардың тұрақты қысымында болады. Олардың арасында ең үлкен қатер төндірген моңғолдар еді. 1279 жылы Шыңғыс ханның немересі Құбылай хан бастаған моңғолдар оңтүстік аумақтарды толығымен жаулап алып, жаңа Юань династиясының негізін қалады.
Сун династиясы Қытай тарихында маңызды мұра қалдырды. Баспа ісі, дәрі және қағаз ақшаны пайдалану сияқты, көптеген жетістіктер Қытайға ғана емес, бүкіл әлемге зор ықпал етеді. Дегенімен шенеуніктердің үстемдігі, әскери күштердің әлсіреуі және сыртқы қатерлерге қарсы тұра алмау, оның құлдырауына және Қытай тарихындағы ең жарқын кезеңдердің бірінің аяқталуына әкеледі.
Жібек жолы бойындағы сауда, дипломатия және мәдениет гүлденіп, Қытай тарихындағы ең жарқын кезеңдердің бірі болған Сун әулетінің құлауына не себеп болды?
Оңтүстік Сун империясы Цзинь патшалығы мен басқа да көшпелі тайпалардың, әсіресе ең үлкен қауіп төндірген моңғолдардың тұрақты қысымында болады. 1279 жылы Шыңғыс ханның немересі Құбылай хан бастаған моңғолдар оңтүстік өңірлерді толық жаулап алып, Юань атты жаңа династия құрады.
Сун династиясы Қытай тарихында айтарлықтай із қалдырады. Баспа ісі, оқ-дәрі және қағаз ақшаны қолдану сияқты, көптеген жетістіктер тек Қытайға ғана емес, бүкіл әлемге зор ықпал етеді. Дегенімен, шенеуніктердің үстемдігі, әскери күштердің әлсіреуі және сыртқы қауіп-қатерлерге қарсы тұра алмау Сун династиясының құлдырауына және Қытай тарихындағы ең жарқын кезеңдердің бірінің аяқталуына әкелді.
Дереккөздер:
Большая Российская энциклопедия
«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу