Басты бетке қайту

Бурбондар әулеті

Бурбондар әулеті (франц. Bourbons, исп. Borbones, итал. Borboni) – Еуропадағы ең белгілі және ежелгі билеуші үйлердің бірі. Бұл әулетте Франция корольдері, Испания корольдері мен королевалары, Парма герцогтары, Неаполь мен Сицилия корольдері, Этрурия корольдері және Лукка герцогтары болды. Бұл әулет әлі де бар, өйткені ер адамдардан таралған мұрагерлерінің көзі тірі.

Бурбондар - X ғасырдан бері Францияда билік еткен ежелгі Капетинг корольдік үйінің тармағы. Осы әулеттен шыққан Француз королі Людовик IX Әулиенің кенже ұлы - Роберт Францияның орталығындағы Бурбон (Бурбон-Л ' Аршамбо) жерлерінің мұрагері қызына үйленген. Олардың ұлы Людовик I 1327 жылдан бастап де Бурбон герцогы (яғни Бурбон герцогы, жер атауы бойынша) титулын қолдана бастады. Сонымен, әулет жердің географиялық атауымен аталған.

Бурбон Людовик I-дің ұрпақтарының бірі Генрих де Бурбон 1589 жылы Капетингтердің тағы бір тармағы - Валуа әулетінің жолы кесілгеннен кейін  Генрих IV атымен француз тағына отырды. Ол Францияның корольдік тағына отырған бірінші Бурбон және француз корольдерінің Капетингтер мен Валуадан кейінгі жаңа (және соңғы) әулетінің атасы болды. Оның тікелей ұрпақтары елді 1848 жылға дейін, Ақпан төңкерісінің нәтижесінде Луи-Филипп I тақтан бас тартып, Франциядағы монархия тоқтағанға дейін билік етті.

Испанияда Бурбондар 1700 жылы король Филипп V таққа отырғаннан бастап билік ете бастады. Бірнеше рет тақтан түсіп, бірнеше рет қайта отырған Бурбондар Испанияны  қазіргі уақытта да билеп отыр, әкесі Хуан Карлос I де Бурбон тақтан бас тартқаннан кейін 2014 жылғы 19 маусымнан Испания королі - Филипп VI.


Испания Королі Хуан Карлос I - Испаниялық Бурбондар әулетінің королі

Дереккөз: Pinterest

Бурбондар әулетінің билеушілері Италияда Неаполь мен Сицилияда, Италиядағы Парма герцогтігінде билік етті, олардың ұрпақтары әлі күнге дейін Люксембургтің ұлы герцогтары.

 

Дереккөздер:

Большая Российская энциклопедия

«Наследие» альманахы

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу