Басты бетке қайту

Ядролық қару қолданып Хиросима мен Нагасаки қалаларына бомбылау (1945 жылы 6 және 9 тамызда)

АҚШ Екінші дүниежүзілік соғысқа 1941 жылы 7 желтоқсанда жапон флотының әуе және суасты күштерінің американдық Перл-Харбар әскери-теңіз базасына (Оаху аралы, Гавайи) шабуылынан кейін кірді. АҚШ фашистік Германия мен фашистік Италия жағында болған Жапонияға соғыс жариялады.

Ядролық қарудың алғашқы жұмыс істейтін үлгілері АҚШ-та Ұлыбритания мен Канаданың қолдауымен «Манхэттен жобасы» аясында 1945 жылдың жазына қарай жасалды. Бұл сәтте гитлерлік Германия капитуляция жасады, ал Жапония АҚШ-тың соғыстағы негізгі қарсыласы болып қалды.

1945 жылдың тамызында АҚШ адамзат тарихында алғаш рет қарсыластың қалаларын бомбалау үшін жауынгерлік ядролық қаруды қолданды. Шабуылдың ресми негізі Жапонияны Екінші дүниежүзілік соғыста капитуляция жасауға мәжбүрлеу және ықтимал жер үсті операциясы кезінде американдық армияның шығынын азайту болды.

1945 жылы 6 тамызда таңертең американдық B-29 «Enola Gay» бомбылаушысы жапондық Хиросима қаласына тротил баламасы бойынша 13-18 килотоннаға тең «Little Boy» («Кішкентай бала») атом бомбасын тастады.

1945 жылы 9 тамызда B-29 «Bockscar» бомбалаушысымен Нагасаки қаласына тротил эквиваленті бойынша 19-21 килотоннаға тең плутонийлік «Fat Man» («Толық адам») атом бомбасы тасталды.


1945 жылы тамызда атом бомбылары тасталған қалалар Жапония картасында
Дереккөз: RUWIKI


Хиросима (сол жақта) мен Нагасаки (оң жақта) үстіндегі ядролық саңырауқұлақ
Дереккөз: Iglobenews

Хиросимада шабуыл кезінде шамамен 80 мың адам, Нагасакиде 40 мың адам бірден қаза тапты. Жарақаттан, сәуле ауруынан және сәулеленудің басқа да салдарларынан қайтыс болғандарды қосқанда, қаза тапқандар саны 500 мыңнан асты. Хиросимадағы барлық ғимараттардың 67%-ы, яғни шамамен 60 мың ғимарат қирады, ал Нагасакиде ғимараттардың тек 12%-ы ғана зақымдалмай қалды.

1945 жылы 15 тамызда Жапония императорының радио арқылы капитуляция туралы мәлімдемесі жарияланды. Мәлімдемеде император Хирохито оның себептерінің бірі ретінде «қарсыластың қолында көптеген кінәсіз адамдардың өмірін қиып, шексіз материалдық шығын келтіре алатын жаңа қорқынышты қаруы бар. Егер біз соғысуды жалғастырсақ, бұл жапон ұлтының күйреуі мен жойылуына ғана емес, сонымен қатар адамзат өркениетінің толық жойылуына әкеледі» деп атап өтті. Жапонияның түпкілікті капитуляциясына 2 қыркүйекте қол қойылды, бұл Екінші дүниежүзілік соғысты аяқтады.

Ядролық қаруды қолданудың ұзақ мерзімді салдары бомбылау кезінде өте аз зерттелген, зардап шеккен өңірлерден аман қалғандарды эвакуациялау жүргізілмеген және адамдар ұзақ мерзімді радиоактивті ластануға ұшыраған. Қатерлі ісіктердің жоғарылау қаупі, созылмалы сәулелік ауру және сәулеленудің басқа да кейінге қалдырылған салдарлары тірі қалғандарды өмір бойы азапқа салды.

1949 жылы Жапония үкіметі Хиросиманы қалпына келтіру туралы шешім қабылдады, бомбылау құрбандарын еске алу белгісі ретінде жарылыс орталығынан 160 метр қашықтықта орналасқан көрме орталығының қалдықтарын сақтап қалу туралы шешім қабылданды. Қазір бұл орын «Гэмбаку күмбезі» ретінде белгілі, 1996 жылдан бастап ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген. 1951 жылы Нагасакиде зұлматты еске алуға арналған Бейбітшілік саябағы ашылды. Хиросима мен Нагасакиді бомбылау күндері, 6 және 9 тамызда, Жапонияда мыңдаған адамдар жиналатын жыл сайынғы ұлттық аза тұту рәсімдері өтеді.

Америкалық қарулы күштердің жапон қалаларын атомдық бомбылаудың этикалық құрамы мен нақты әскери қажеттілігі әлі де пікірталас тақырыбы болып қалуда. Сарапшылардың көпшілігі, ең алдымен, Хиросима мен Нагасакиді бомбылау АҚШ-тың жаңа аса қуатты қаруының бар екендігін көрсетіп, Кеңес Одағынан геосаяси мәселелерде көбірек жеңілдік алу мақсатында болған деген пікірге жақын. Алайда АҚШ-тың ядролық арсеналын көрсету нәтижесінде Кеңес Одағында ядролық жобаның күрт қарқын алуына және бұрын-соңды болмаған қару-жарақ жарысына және «суық соғысқа» себеп болды.

 

Дереккөздер:

ТАСС

Рувики

 

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу