Басты бетке қайту

Михаил Задорнов (1948-2017)


Михаил Задорнов
Дереккөз: РИА Новости

Михаил Николаевич Задорнов 1948 жылы 21 шілдеде Латвия Кеңестік Социалистік Республикасының Юрмала қаласында (қазір – Латвия Республикасы) дүниеге келген. Жазушы Николай Задорновтың ұлы.

Мектепте ол театрға қызығушылық танытып, мектеп спектакльдерінде өнер көрсеткен. 1974 жылы Мәскеу авиациялық институтын (МАИ) инженер-механик мамандығы бойынша бітірді. 1974-1978 жылдары МАИ-де «Авиациялық-ғарыштық жылу техникасы» кафедрасында инженер, кейін жетекші инженер болып жұмыс істеді. 1970-1980 жылдары МАИ студенттік үгіт-насихат театрының көркемдік жетекшісі, қоюшы режиссері және актері (мәдени-ағартушылық және үгіт-насихат жұмыстарымен айналысатын шағын театр ұжымы) болды.

1982 жылы Кеңес Одағының орталық теледидарында «Студенттің үйіне хаты» монологымен дебют жасады. Нағыз танымалдылық оған 1984 жылы, Михаил Задорнов әйгілі «Вокруг смеха» атты әзіл-сықақ телехикаясында өзінің «Екі тоғызыншы вагон» фельетонын таныстырған кезде келді.

1990 жылдардан бастап Михаил Задорнов танымал телешоулардың авторы және жүргізушісі болды, жеке концерттерімен өнер көрсетті. Көптеген кітаптардың, соның ішінде «Великая страна с непредсказуемым прошлым» және «Задорное чтиво» кітаптарының авторы. Кинода өзінің сцениарийі бойынша «Сіздің күйеуіңізді қалаймын» (1992) комедиясында басты рөлді, «Данышпан» (1991) және «Торығу» (1991) фильмдерінде рөлдерді сомдады.

Өз шығармалары мен қойылымдарында сыбайлас жемқорлық, бюрократия, кейбір қоғамдық құбылыстардың абсурдтығы сияқты, әртүрлі әлеуметтік мәселелерді қозғап, өзекті саяси оқиғаларға түсініктеме берді. Батыстық құндылықтар мен мәдениетті, әсіресе американдықтарды жиі мазақтап, орыс менталитеті мен тапқырлығының бірегейлігі жайлы көбірек айтып, орыс тілі мен мәдениетін сақтауды қолдады.

«Золотой теленок», «Овация» сыйлықтарының иегері. Ресей Жазушылар одағының мүшесі. «Московский комсомолец» газетінің сайтында өз блогын және арнасын жүргізіп, Youtube.com арнасында концерттердің жазбаларын орналастырды.

Михаил Задорнов әзіл-оспақ және сатиралық мәтіндері бар 40-қа жуық кітап шығарды. Бірнеше ғылыми емес, көркем және публицистикалық шығармаларында («Слава Роду!», «Князь Рюрик. Орыс жері қайдан пайда болды», «Руны Вещего Олега» және т.б.) автордың славян тарихы мен славян тілдерінің шығу тегі туралы жеке көзқарасын білдірген.

«Соңғы мүмкіндік немесе Сіздің күйеуіңізді қалаймын» (1987), «Күртеше» (1996) және «Бір күні Африкада немесе Миды жаратын махаббат» (2014) пьесаларының авторы. «Соңғы мүмкіндік немесе Сіздің күйеуіңізді қалаймын» пьесасы бойынша қойылымдар А. С.Пушкин атындағы Красноярск драма театрында, Волгоград музыкалық-драмалық казактар театрында, сондай-ақ антрепризаларда қойылды. 2014 жылдан бастап Михаил Задорновтың әңгімелері негізінде Мәскеу губерниялық театрында «Көктем» спектаклі өтуде.

Михаил Задорнов Виктор Сергеевтің «Данышпан» (1991) детективтік драмасында өзін-өзі сомдады. Ол сондай-ақ «Торығу» (1991, режиссер Алоиз Бренч) және «Сіздің күйеуіңізді қалаймын» (1992, Сергей Никоненко) фильмдерінде ойнады.

 

Дереккөздер: 

РИА Новости

ТАСС

Уикипедия

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу