Басты бетке қайту

Александр Квасьневский (1954 жылы 15 қараша туған)


Александр Квасьневский
Дереккөз:
Большая Российская энциклопедия

Александр Квасьневский 1954 жылы 15 қарашада Биалогардта (Польша Халық Республикасы) дүниеге келген.

Гданьск университетін бітіргеннен кейін 1977-1981 жылдары Польша студенттерінің социалистік одағының құрылымдарында жұмыс істеді.

1981-1984 жылдары ITD студенттік апталық басылымының, кейін танымал «Штандар млодых» (1984-1985) газетінің бас редакторы болды. 1985 жылы Польшадағы компьютерлер туралы алғашқы «Bajtek» журналының ашылуына қатысты қатысты.

1985-1990 жылдары Польша үкіметінде түрлі қызметтер атқарды: жастар істері жөніндегі министр, Жастар және дене шынықтыру істері жөніндегі комитеттің төрағасы, Үкімет президиумының мүшесі, Министрлер кеңесі жанындағы Қоғамдық-саяси комитеттің төрағасы. 1988-1991 жылдары Польша Олимпиада комитетінің басшысы.

1990 жылы Польша социал-демократиялық партиясын құрушылардың бірі болды және оны 1995 жылға дейін басқарды.

1991-1995 жылдары Сеймнің (Польшадағы заң шығарушы орган) депутаты болды.

1995 жылы Польша президенті болып сайланды. 2000 жылы екінші мерзімге қайта сайланды. Оның президенттігі кезінде Польша Солтүстік атлантикалық альянстың (НАТО) және Еуропалық одақтың (2004) мүшесі болды.

Президенттік өкілеттік мерзімі аяқталғаннан кейін ол саясатта қалып, «Солшылдар мен демократтар» сайлау блогының бағдарламалық кеңесін басқарды. 2008-2013 жылдары Толеранттылық және өзара құрмет жөніндегі еуропалық кеңестің төрағасы болды. 2014 жылдан бастап украиналық Burisma Group жекеменшік газ өндіруші компаниясының директорлар кеңесінің мүшесі.

2010 жылы Қазақстан Республикасында құрылған «Тәуелсіз халықаралық консультативтік кеңестің» құрамына кірді, онда Қазақстан Үкіметі мен Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық кеңесшісі болды.

  

Дереккөздер: 

Большая Российская энциклопедия

 

Уикипедия

«Самұрық-Қазына» қорының сайты 

 

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу