
Өлгеннен кейін Себастьяно дель Пьомбо салған ықтиал портрет (1519).
Дереккөз: Википедия
Христофор Колумб 1451 жылы 26 тамыз - 31 қазан аралығында Генуяда (қазіргі Италия) дүниеге келген. Навигация мен картография саласында білім алған.
Ол өзінің теңіздегі жолын жас кезінде, сауда экспедицияларына қатысып бастаған. 1470-ші жылдары Үндістанға батыс теңіз жолын іздеу жоспарын жасап, еуропа монархтарынан қолдау көрсетуді сұрайды.
1492 жылы испания монархтары Изабелла I мен Фердинанд II-нің қолдауына ие болады да, Үндістанға апаратын қысқа теңіз жолын іздеп, «Санта-Мария», «Пинта» және «Нинья» атты үш кемемен алғашқы сапарына аттанады. Атлант мұхитын кесіп өтіп, 1492 жылғы 12 қазанда Багам аралдарына жетеді, ол бұл жерлерді Үндістанның бір бөлігі деп ойлайды. Бұл - Американы ашқан күн саналады.
1492-1504 жылдары Христофор Колумб Америка жағалауларына төрт экспедиция жасады, Кариб теңізінің көптеген аралдарын, соның ішінде Куба мен Гаитиді ашты. Жаңа континент тапқанын білмеген ол өзінің ашқан жерлерін Шығыс Азия жерлері — Қытай, Жапония немесе Үндістанның маңайы деп санады. Осы жер аумақтарын еуропалықтар ұзақ уақыт бойы Вест-Үндістан, яғни «Батыс Үндістан» деп атап келді. «Америка» атауы континент кейінірек, 1507 жылы басқа саяхатшының құрметіне – Вест-Үндістанның бөлек континент екенін дәлелдеген Америго Веспуччидің құрметіне берілді, бұл жер енді «Жаңа Әлем» аталды.
Христофор Колумбтың есімі Американы отарлаудың бастамасы болған Ұлы географиялық ашылулар дәуірінің символына айналды.

Христофор Колумб экспедицияларының картасы
Дереккөз: ВК Вест-Индия
Саяхаттарынан кейін оған сын-айыптаулар тағылды, отарланған жерлер тиімсіз басқарылуда делінді. Ауыр дертке шалдыққан, барлық артықшылықтарынан айырылған, бүкіл қаражатын жұмсап бітірген Христофор Колумб 1506 жылы 20 мамырда Севильядағы Вальядолидте (Испанияның солтүстік-батысындағы қала) дүние салды.
Колумб қайтыс болғаннан кейін көп ұзамай оның ұрпақтары Христофор Колумбқа Жаңа Әлемді ашқаны құрметіне сыйға берілген артықшылықтар үшін тақпен ұзақ жылдар бойғы күресті бастады. Колумбтың алғашқы сапарына Фердинанд пен Изабелла салған инвестиция ұзақ мерзімді перспективада еселеніп қайтты. Америкалық зерттеуші Роберт Фьюсон «Христофор Колумбтың борттық журналы» (The Log of Christopher Columbus) кітабында адмиралдың алғашқы сапарына салынған әрбір мараведи Испанияға 1 733 000 мараведи әкелгенін атап өтеді.
Дереккөздер:
«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу