Басты бетке қайту

«Югославия сценарийі»

«Югославия сценарийі» - оқиғалардың 1990-шы жылдары Югославияның ыдырауына ұқсас дамуы ықтималдылығын сипаттайтын бейнелі сөз тіркесі. Ол кездері біртұтас федеративті мемлекет (Югославия Социалистік Федеративтік Республикасы) бірнеше тәуелсіз республикаларға ыдырады, ал процестің өзі ұзаққа созылған қарулы қақтығыстармен, этникалық тазартулармен және ауыр гуманитарлық салдармен қатар жүрді..

Югославия Федеративтік Халық Республикасы (ЮФХР) 1945 жылы құрылды, 1963 жылдан бастап ол Югославия Социалистік Федеративтік Республикасы (ЮСФР) деп аталды. Федерацияға алты республика кірді, олар: Босния және Герцеговина, Македония, Сербия, Словения, Хорватия және Черногория. ЮСФР басшылығының саясаты «пролетарлық интернационализм» (әр түрлі елдердің еңбекші таптарының мүдделерінің бірлігі) идеологиясын, этноаумақтық федерацияны (әрбір этникалық топ үшін өз мемлекеттік құрылымы құрылған федерация), және ЮСФР Президенті Иосип Броза Титоның жеке диктатурасын біріктіруге негізделді.

Югославияның республикалары мен аймақтары арасындағы қарым-қатынастардың нашарлауы экономикалық және әлеуметтік мәселелерден туындады, бұл мәселелер ұлтшылдық көңіл-күйдің өсуіне де ықпал етті. 1980 жылы Иосип Броз Тито - бірлікті сақтап, республикалар мен этникалық топтар арасындағы қайшылықтарды тежеп отырған   көшбасшы қайтыс болғаннан кейін,, ұлтшылдық қозғалыстар күшейіп, астана - Белградтың ықпалы әлсірей бастады. К 1987 жылы елдің нақты кірістері 7%-ға төмендеді, инфляция 167%-ға жетті, ал елдің сыртқы қарызы 19 миллиард доллардан асты. Экономикалық тұрғыдан анағұрлым дамыған республикалар Словения мен Хорватия  олардан кем қамтамасыз етілген  аймақтарды тұрақты түрде субсидиялап отырғысы келмеді.

1990 жылы инфляцияның өсуін тоқтатып, сыртқы берешекті азайтуға қол жеткізілді. Бірақ экономиканы либералдау нәтижесінде халықтың экономикалық жағдайының одан әрі нашарлауы ереуілдер мен наразылықтарға, әсіресе Сербияда, Воеводина мен Черногорияда наразылықтардың туындауына әкелді. Басшылықтағы бірқатар қайраткер отставкаға кетті. Осы жылы Югославияда өткен республикалық сайлауда ұлтшыл оппозициялық партиялар жеңіске жетті, тек Сербия мен Черногорияда ғана «Югославия коммунистері одағының» ісін жалғастырушылар билік басында қалды.

1990-шы жылдардың басында Югославияның ыдырауы Югославия соғыстары аталған бірқатар қарулы қақтығыстармен қатар жүрді,  бұл екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Еуропада орын алған ең қатыгез және қанды оқиғалардың біріне айналды.

1990-шы жылдың күзінде Словения мен Хорватия көшбасшылары Югославияны алты республиканың конфедерациясына айналдыруды ұсынды, алайда Сербия басшылығы мемлекеттің бірлігін жақтап, бұл ұсыныстардан бас тартты. Басқа республикалар мұны сербтер қоныстанған аудандарды олардан бөліп алуға ұмтылу ретінде қабылдады. 1991 жылғы наурызда Хорватия ұлтшылдары Хорватияда қарулы қақтығыстарды бастады, бұл қақтығысқа кейінірек Югославия әскері де араласты.

1991 жылғы 25 маусымда Словения мен Хорватия біржақты тәртіппен өз тәуелсіздіктерін жариялады. Югославия әскері тәртіпті қамтамасыз ету үшін Словенияға жіберілді. Словенияның тәуелсіздік үшін соғысы 10 күнге созылды. Соғыс қимылдары шетелдік державалардың қысымымен тоқтатылды. Қол жеткізілген келісімнің нәтижесінде Югославия әскерлері Словения мен Хорватиядан шығарылды, ал республикалар тәуелсіздік декларацияларының күшіне енуін үш айға тоқтатты. 1991 жылғы желтоқсанда Словения парламенті елдің тәуелсіздігін бекіткен жаңа конституция қабылдады.

Хорватияда Югославиядан бөлінгісі келмеген және дербес Серб Краинасы мемлекеті құрылғанын жариялаған сербтер мен үкімет арасында соғыс басталды, соғыс 1995 жылға дейін созылды. Көптеген дереккөздер бойынша Хорватиядағы соғыс кезінде 20 000-ға жуық адам қаза тапқан. 500 000-ға жуық адам босқынға айналып, қоныс аударды. 1996 жылы жарияланған ресми мәліметтерге сәйкес, соғыс кезінде Хорватияда  180 000 тұрғын үй қиратылған, ел экономикасының 25%-ы күйреген және мүліктік шығын 27 миллиард долларға бағаланады

1991 жылғы қыркүйекте Македония өз тәуелсіздігін жариялады.  Босния және Герцеговина -1992 жылдың басында тәуелсіздіктерін жариялады, бұл Босниядағы соғысқа әкелді (1992-1995 жж.), бұл соғыста оны мекендеген үш халықтың әрқайсысы тәуелсіздік алғысы келді. Соғыс қиян-кескі әскери қимылдармен сипатталды, қалалар мен ауылдар ретсіз атқыланды, этникалық тазартулар жүргізілді, жаппай зорлау, геноцид орын алды. Әр түрлі мәліметтер бойынша, соғыстың алғашқы екі жылында құрбан болғандардың саны 70 мыңға, үш жыл ішінде 150 мыңға жеткен, ал бүкіл қақтығыс кезеңінде мер болғандар саны - 200 мыңға дейін. Зорланған әйелдердің саны 20 мыңнан 50 мыңға дейін деп бағаланады.

Халықаралық қауымдастық Словения мен Хорватияның тәуелсіздігін мойындағаннан кейін 1992 жылғы 15 қаңтарда ЮСФР өз жұмысын тоқтатты.

Косовода 1998-1999 жылдары Косово Азаттық әскері мен Югославия әскері арасында болған қақтығыс Сербияны НАТО-ның бомбалауына әкелді (1999 ж. наурыз–маусым). Human Rights Watch (штаб-пәтері АҚШ-та орналасқан, адам құқықтарының бұзылуына мониторинг жүргізетін үкіметтік емес ұйым) бағалауы бойынша, бомбалау нәтижесінде Югославияның мыңға жуық жауынгері, сондай-ақ 528 бейбіт тұрғын қаза тапқан. Югославия тарапының бағалауы бойынша, 5,7 мыңға дейін бейбіт тұрғын, АҚШ бағалауы бойынша - бір жарым мыңға дейін бейбіт тұрғын қаза тапқан. Қақтығыс кезеңінде 800 мыңнан аса албан босқынға айналды. Кейіннен 200 мыңға жуық серб, сыған және басқа да албан емес ұлттардың өкілдері  Косоводан қашып шықты, ал қалған бейбіт тұрғындардың көбі қатыгездіктің құрбаны болды.

Сербия мен Черногория 1992 жылғы 27 сәуірде жарияланған Югославия Одақтас Республикасы шеңберінде өмір сүруді жалғастырды (2003 жылғы 4 ақпанынан бастап – Сербия және Черногория (СжЧ) мемлекеттік қоғамдастығы.

2006 жылдың маусымынан бастап Сербия - тәуелсіз егемен мемлекет, СжЧ-ның құқықтық мирасқоры.

2006 жылғы 3 маусымда Черногория парламенті Тәуелсіздік декларациясын қабылдады.

2008 жылғы 17 ақпанда Косово парламенті өлкенің тәуелсіздігі туралы декларация қабылдауды құптап дауыс берді.


1990-2000 жылдардағы Югославия соғыстары
Дереккөз: Википедия

Югославия Социалистік Федеративтік Республикасының ыдырауы алты тәуелсіз ел мен ішінара танылған бір мемлекеттің - Сербия, Словения, Хорватия, Босния және Герцеговина, Македония, Черногория және Косово (даулы аумақ болып қалуда) құрылуына әкелді.

Балқанда 1990 жылдардың басынан бері болған қақтығыс құрбандарының жалпы саны 130 мыңнан асты, ал мүліктік шығын ондаған миллиард доллар құрады. Хорватия, Босния және Герцеговина соғыстары және Косово қақтығысы сонымен қатар осы елдердегі серб ұлтының жаппай босқыншылық толқындарын тудырды. Нәтижесінде Сербия босқындар мен шарасыздан қоныс аударушылар саны бойынша Еуропада бірінші орынға шықты.  

 

Дереккөздер: 

Знание.Вики

Биограф

РИА Новости

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу