Басты бетке қайту

Конфуций (шамамен б. з. д. 551 – б. з. д. 479)


Конфуций
Дереккөз: Википедия

 

Конфуций біздің заманымызға дейінгі 551 жылы Цюйфу қаласында (қазір – Шаньдун провинциясы, Шығыс Қытай) дүниеге келген . Шын аты - Кун, бірақ әдебиетте көбінесе Кун-цзы, Кун Фу-Цзы («Кун мұғалім») немесе жай ғана Цзы - «Мұғалім» деп аталады. Оның шығу тегі Кун ақсүйек руынан, бірақ отбасы кедейленіп, Конфуций кедейлікке  жақын жағдайда өсті. Конфуцийдің бір жарым жасында әкесі қайтыс болды. Анасы оны жалғыз тәрбиелеген, бұл оның адамгершілік пен отбасы туралы көзқарастарына әсер етті.

Ерте жасынан бастап ежелгі мәтіндерді оқуға және зерделеуге қызығушылық танытты. 22 жасында ол өзінің мектебін құрып, онда философия мен моральдық нормалардан сабақ берді. Бірнеше князьдіктер  билеушілерінің әр түрлі лауазымдарында ұзақ уақыт қызмет атқарды, шенеунік мансабын тастап, өзінің этикалық және саяси көзқарастарын уағыздаумен айналысты.

66 жасқа дейін ол ел кезіп, өзінің ілімін уағыздаған, кейін туған уезі  Луға оралды, осы жерден  қайтыс болғанға дейін ешқайда шықпаған. Біздің заманымызға дейінгі 479 жылы 72 жасында дүние салды.

Конфуций алғашқы университетті құрды және әртүрлі князьдіктерде құрастырылған шежірелерді жүйеледі. Үндістандағы Будда ілімдері сияқты, оның князьдердің, шенеуніктердің, жауынгерлердің және шаруалардың мінез-құлық ережелері туралы ілімі Қытайда  кең таралды. Бұл Конфуцийді ұлықтауға және оны діни пантеонға қосуға әкелді.

Конфуцийдің ілімі Қытай психологиясы мен отбасылық негіздердің қалыптасуына зор үлес қосты. Ол ізгі адамның бес негізгі сипаттамасын тұжырымдады: адамгершілік, әділеттілік, ата-аналар мен ел билеушілерге құрмет, парасаттылық және шынайылық.

Оның ел билеушілер мен шенеуніктердің мінез-құлық ережелері туралы ілімі Қытайда мемлекеттік идеологияны қалыптастыруға негіз болды.

Конфуцийшілдіктің идеалы - ежелгі үлгі бойынша үйлесімді қоғам құру, онда әр адамның өз функциясы бар. Үйлесімді қоғам шын берілгендік идеясына негізделген — бастық пен бағыныштылар арасындағы адалдық, ол үйлесімділікті және осы қоғамның өзін сақтауға бағытталады. Конфуций этиканың алтын ережесін тұжырымдады: «Өзіңе тілімегенді басқаға істеме».

Конфуций саясат тарихи тәжірибе негізінде қалыптасатынын атап өтті. Оның: «Саясат - тарихтың қызы, ал тарих - географияның қызы» деген сөзі бар. Ол саясатты түсіну үшін және қоғамды басқару үшін тарих пен географияны зерттеудің маңыздылығын баса айтты.

Конфуцийшілдік Қытай тарихында маңызды рөл атқарды. Ол тек  дін ғана емес, сонымен қатар әкімшілік жүйе де, саясат та және әлеуметтік және экономикалық процестердің жоғарғы реттеушісі де, жалпы алғанда - Қытай қоғамының өмірін ұйымдастырудың негізі болды.

ХХ ғасырда Қытайға әсер еткен және бұл елді өзгеріске ұшыратқан революцияларға, соғыстарға қарамастан, конфуцийлік ойлау сақталды. ҚХР үкіметі елдің алдағы кезеңдерде табысты дамуы үшін бұл ілімнің маңызды екендігін түсінеді. ҚХР Мәдениет министрлігінің бастамасымен 2008 жылы конфуцийшілдіктің Бірінші дүниежүзілік конгресі шақырылды. Оған түрлі елдер мен өңірлерден көптеген мамандар қатысты. Конгресте Конфуций ұсынған адамгершілік және этикалық нормалар қазіргі адамзаттың бірігуіне көмектеседі деген идея айтылды.

 

Дереккөздер: 

РИА Новости

Биограф

Уикипедия

Широнин Н.В. Конфуцийшілдіктің Қытай қоғамының өміріне ықпалы 

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу