Басты бетке қайту

Пантелеймон Кулиш (1819-1897)


Пантелеймон Кулиш
Дереккөз: Википедия

Пантелеймон Александрович Кулиш 1819 жылғы 26 шілдеде (ескіше 7 тамызда) Ресей империясының Чернигов губерниясындағы Воронеж селосында (қазір – Украинаның Сума облысы) дүниеге келген.

Новгород-Северск гимназиясында бес жыл оқығаннан кейін 1837 жылы Киев университетіне оқуға түсті, бірақ ол дворян болмағандықтан, оқуын бітіруіне рұқсат етілмеді.

1840 жылы ол Луцк қаласында (қазір Украинаның солтүстік-батысындағы қала) оқытушылық қызметке орналасты, онда ол өзінің орыс тіліндегі алғашқы тарихи «Михаил Чарнышенко, немесе Малороссия сексен жыл бұрын» романын жазды  (1843).

1843-1845 жылдары Киевте оқытушылық қызмет атқарды және украин тарихы мен этнографиясын зерттеді. Онда ол Тарас Шевченкомен, Николай Костомаровпен және Василий Белозерскиймен достасты.

1847 жылы ол Кирилл-Мефодий бауырластығына (славян демократиялық республикаларын құруға және олардың  орталығы Киевте орналасқан одағын құруға бағытталған құпия саяси антикрепостнойлық ұйым) қатысқаны үшін қамауға алынды, біраз уақыт түрмеде отырып, бірнеше жыл айдауда болды.

1856 жылы ол халық әншілері мен әңгімешілерінің портреттері берілген, өз уақыты үшін бірегей шығармалар жинағы -  «Оңтүстік Русь туралы жазбаларды» құрастырды. Кітапта сөздің дыбысталуына (фонетикасына) негізделген жаңа украин алфавиті алғаш рет қолданылды, кейінірек ол қазіргі жазбаша украин тілінің негізін құрады.

1897 жылғы 14 ақпанда Ресей империясының Чернигов губерниясындағы Мотровневка қаласында (қазір - Чернигов облысы, Украина) қайтыс болды.

 

Дереккөздер:

Википедия

LiveLib.ru

 

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу