«Қысқа ғана уақыт ішінде керемет «Алатау» спорт сарайы, сыртқы пішіні кеңістікті тіліп өтетін алып мұхит лайнеріне ұқсас «Қазақстан» спорт сарайы бой көтерді. Сондай-ақ жаңа ипподром, есу арнасы, сегіз ашық корттан тұратын теннис орталығы салынды»

«Алатау» спорт сарайы, Астана
Дереккөз: «Алатау» спорт сарайының сайты
2000 жылы пайдалануға берілген, ауданы 25 000 ш. м. «Алатау» спорт сарайы - жаңа елордада салынған алғашқы көпфункционалды спорт кешені және алғашқы үлкен спорт алаңы.

Астанадағы «Қазақстан» мұзды спорт сарайы
Дереккөз: Уикипедия
«Астана-Имсталькон» компаниясы салған, пайдалануға 2001 жылы берілді. 2007 жылы мұз алаңы бес жарым мыңға дейін көрермен сыятындай кеңейтіліп, жаңғыртылды. Спорт кешені «Барыс» хоккей клубының ойын алаңы болған. 2021 жылдан бастап қайта жаңғырту жүргізілуде.

«Астана-Арена»
Дереккөз: Әлемдегі футбол стадиондары
Ресми ашылу салтанаты 2009 жылдың шілдесінде өтті. «Астана-Арена» - ауданы 10 000 шаршы метрді құрайтын жылжымалы шатыр жүйесімен жабдықталған әлемдегі алты футбол стадионының бірі. Стадионға 33 000-ға дейін көрермен сыяды. Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ресми кездесулерін өткізуге арналған алаң

«Қазанат» ипподромы, Астана
Дереккөз: Билет сату сайты
«Қазанат» - таза қанды жүйрік асыл тұқымды жылқы дегенді білдіреді. Ипподром 2007 жылғы 3 шілдеде Астана күнін мерекелеу аясында ашылды. Ипподромға 2600 көрермен сыяды, жарыс жолының ұзындығы - 1800 метр, жүгіру жолының ұзындығы - 1600 метр. Ипподром Фотомәре жүйесімен және үлкен экранмен жабдықталған. 2024 жылы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына (2024 ж. 8-13 қыркүйек) қатысушыларды қабылдау үшін ипподром жаңғыртылды.

Есу арнасы, Астана
Дереккөз: Фотоөмір сайты
Есіл өзенінің тармағы – Ақбұлақта салынған (бұл жердің тарихи атауы Соленая балка). Каналдың ұзындығы шамамен 3 шақырым.

Ұлттық теннис орталығы
Дереккөз: Sports.ru
2008 жылғы 4 шілдеде Астананың 10 жылдығын мерекелеу шеңберінде республикадағы алғашқы Ұлттық теннис орталығы ашылды. 2022 жылдан бастап Beeline Arena деп аталады
«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу