Басты бетке қайту

Леонид Леонов (1899—1994)


Леонид Леонов
Дереккөз: Википедия

Леонид Максимович Леонов 1899 жылғы 19 мамырда Мәскеуде кітап шығарушы мен ақынның отбасында дүниеге келген.

1921 жылы жазушылықпен кәсіби түрде айналыса бастады. Очерктер, өлеңдер, пьесалар жазды, 1923 жылы алғашқы әңгімелер кітабы шықты. 1924 жылы жарық көрген, азамат соғысы кезіндегі қала мен ауыл қақтығысы туралы «Борсықтар» романы оны кеңінен танымал етті.

1929 жылдың күзінен бастап - Бүкілресейлік Жазушылар одағының төрағасы.

1930-шы жылдардан бастап ол негізінен социалистік реализм жанрында жазды. Осы кезеңде үш үлкен романы жарық көрді: «Соть» (1930), «Скутаревский» (1932),» Мұхитқа жол»(1935) – бұл шығармаларында ескі сананың өзгеруі, жаңа мемлекет құру, алғашқы бесжылдықтар, елді индустрияландыру туралы әңгімеленді.

Ұлы Отан соғысы кезінде Леонид Леонов өзінің ең танымал шығармаларының бірі – фашистерге қарсы күрес туралы «Шапқыншылық» пьесасын (1942) жазды, ол үшін драматург ең жоғары марапаттардың бірі - Сталиндік сыйлықты иеленді. Пьеса бірнеше рет сахнада қойылды, 1944 жылы режиссер Абрам Роом пъеса бойынша фильм түсірді.

1953 жылы Леонид Леоновтың орыс және кеңес әдебиетінің «алтын қорына» енген «Орыс орманы» атты ауқымды романы жарық көрді. Кітап орыс халқының ұлттық болмысы мен туған табиғатпен байланыс туралы терең ойларға толы. 1957 жылы роман  Кеңес Одағындағы басты сыйлық - Ленин сыйлығын алды.

Шығармашылығының соңғы кезеңінде Леонид Леонов өзінің ескі шығармаларын қайта қарастырды, «Ғылым және өмір» және «Роман-газета» журналдарының редакцияларында жұмыс істеді, пьесалар мен сценарийлер жазды және өмірінің қырық жылдан астам уақытын арнаған «Пирамида» романын жазумен айналысты.

Леонид Леонов – әдебиет классигі, кеңес тарихындағы ең көп марапатталған жазушылардың бірі: Социалистік Еңбек Ері (1967), Кеңес Одағының Жоғары ордені – Ленин орденімен алты рет және Еңбек Қызыл Ту орденімен екі рет марапатталды, мемлекеттік сыйлықтар мен түрлі құрметті атақтардың лауреаты. 1949 және 1950 жылдары әдебиет бойынша Нобель сыйлығына ұсынылды. 2009 жылы «Керемет адамдардың өмірі» кітаптар сериясында Леонид Леоновтың өмірбаяны жарық көрді.

 

Дереккөздер:

Википедия

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу