
Игорь Курчатов
Дереккөз: Википедия
Игорь Васильевич Курчатов 1903 жылғы 12 қаңтарда Уфа губерниясының Симский зауыты кентінде (қазіргі Ресей Федерациясының Челябі облысы, Сим қаласы) орманшы мен ауыл мұғалімінің отбасында дүниеге келген.
1920 жылы Қырымдағы Таврия университетінің (қазір – Владимир Вернадский атындағы Таврия ұлттық университеті) физика-математика факультетіне оқуға түсіп, оны 1923 жылы мерзімінен бұрын үздік бітірді.
1925 жылы Ленинградтағы (қазіргі Санкт-Петербур) Физика-техникалық институттың ғылыми қызметкері болды.
1942 жылдан бастап Кеңестік атом жобасын басқарды. Оның жетекшілігімен 1946 жылы Еуразиядағы алғашқы тәжірибелік уран-графит реакторы жасалды. 1949 жылғы 29 тамызда алғашқы кеңестік атом бомбасының сынағы өткізілді. 1953 жылы оның басшылығымен әлемдегі алғашқы сутегі бомбасы іске қосылды. Игорь Курчатов сондай-ақ 1954 жылы Обнинскіде әлемдегі алғашқы атом электр станциясын құруға белсенді қатысты.
1955 жылы КСРО Ғылым академиясының №2 зертханасы (Мәскеуде) Атом энергиясы институтына айналды, оның директоры Игорь Курчатов болды.
Игорь Курчатов – үш мәрте Социалистік Еңбек Ері (1949, 1951, 1954), Лениндік және Сталиндік сыйлықтардың лауреаты. Оның аты Мәскеуде өзі құрған институтқа берілген.
Дереккөздер:
«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу