Басты бетке қайту

Моника Левински (1973 жылғы 23 шілдеде туған)


Моника Левински
Дереккөз: Википедия

Моника Сэмилл Левински 1973 жылғы 23 шілдеде Сан-Францискода (Калифорния штаты, АҚШ) ауқатты отбасында дүниеге келген. Оның әкесі Бернард Левински онколог-дәрігер, ал анасы Марша Кайе Виленски Марша Льюи деген лақап атпен журналист және жазушы болып жұмыс істеген.

1995 жылы Льюис және Кларк колледжін (Портленд, Орегон штаты) бітірген, онда психология мамандығын меңгерген. Сол жылы ол Ақ үйде ақысыз тағылымдамадан өтті, кейін Заң шығару мәселелері басқармасына қызметке қабылданды.

1998 жылы Моника Левински АҚШ президенті Билл Клинтонмен сексуалдық байланысқа қатысты қоғамдық және саяси жанжал - «Monicagate» кейіпкеріне айналды. Бұл жанжал Билл Клинтонды жалған айғақ берді деп айыптауға және импичмент талпынысына (қылмыс жасады деп сот арқылы айыптау негізінде  жоғары лауазымды шенеуніктерді, сонымен қатар президентті де  қызметтен шеттету процедурасы) әкелді.

Нәтижесінде президент өзіне тағылған айыптардың барлық тармақтары бойынша ақталды және қызметінде қалды, алайда, саясаттанушылардың пікірінше, жанжал 2000 жылғы президенттік сайлаудың нәтижелеріне әсер етті, бұл сайлауда Билл Клинтон партиясының  қарсыластары - республикашылдар жеңіске жетті.

Жанжалдан кейін Моника Левинскиге баспасөз назары баса аударылды, жұртшылық оны айыпты санады. 1999 жылы ол бұл істегі рөлі үшін көпшілік алдында кешірім сұрады және «Моника тарихы» өмірбаянын шығарды.

Аздаған уақыт телехабар жүргізді (2003 жылы) және бизнеспен айналысты — 2004 жылға дейін оның сөмкелер шығаратын жеке фирмасы болды.

2014 жылдан бастап кибербуллингке (Интернеттегі қудалау) қарсы күрес белсендісі.

 

Дереккөздер:

Уикипедия

Lenta.ru

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу