Басты бетке қайту

Америго Веспуччи (1454 – 1512)


Америго Веспуччи
Источник: Орталық ғылыми кітапхананың сайты

Америго Веспуччи 1454 жылы 9 наурызда Флоренцияда (Италия) мемлекеттік нотариус отбасында дүниеге келген. Пиза қаласындағы (Италия) беделді университетті бітірген. Оқуын аяқтаған соң Флоренция елшісінің хатшысы болып жұмыс істейді, кейін Медичилердің сауда-банк үйіне қызметке тұрып, әулеттің теңіз саудасындағы мүдделерін қорғайды.

1499 жылы испан адмиралы Алонсо де Охеда басқарған кеменің экипаж құрамына қабылданады. Экспедицияның мақсаты «Жаңа дүние» (еуропалықтар жақында ғана ашқан дүние бөліктеріне Америка, Аустралия және Океанияны білдіретін географиялық термин) жағалауларына жету болды.

1501-1502 жылдары Бразилия мен Вест-Индия (Кариб теңізі аралдарының, Багам аралдарының және оларға іргелес Мексика шығанағы мен Атлант мұхиты суларындағы аралдардың тарихи атауы) жағалауларына жасаған сапарында Америго Веспуччи бұл аумақтардың Азияның шығыс шеті емес (Христофор Колумбтың саяхаттарынан кейін бастапқыда солай деп есептелген), «Жаңа дүние» деп сипатталған жеке құрлық екенін дәлелдейді. 1507 жылы жаңа құрлық Веспуччи есімінің латынша нұсқасының құрметіне Америка деп аталды.

Ол негізінен космограф (космография — ғаламның құрылысын тұтастай зерттейтін, XX ғасырдың басына дейін болған ғылыми және оқу пәні) және штурман ретінде саяхаттаған; тек Бразилия жағалауының үлкен бөлігі зерттелген соңғы сапарында ғана шағын кемені басқарады. Христофор Колумбтың Арагон королі II Фердинандке жасаған ұсынысы бойынша, Америго Веспуччи 1505 жылы қайтадан испан қызметіне тұрады, ал 1508 жылы 22 наурызда Үндістанға жасалатын саяхаттардың бас штурманы болып тағайындалады.

А. Веспуччи 1512 жылы 22 ақпанда Севильяда қайтыс болған.

 

Дереккөздер:

 

Википедия

Образовака

 

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу