Басты бетке қайту

Владимир Крючков (1924 – 2007)


Владимир Крючков
Дереккөз: Дзен

Владимир Александрович Крючков 1924 жылы Царицында (қазіргі Волгоград) дүниеге келген. Бүкілодақтық заң сырттай институтын және КСРО Сыртқы істер министрлігінің (СІМ) Жоғары дипломатиялық мектебін (қазіргі Ресей Федерациясы СІМ Дипломатиялық академиясы) бітірген.

Ұлы Отан соғысы жылдарында Сталинградтағы (қазіргі Волгоград) артиллерия зауытында жұмыс істеді. Соғыстан кейін Саратов заң институтында (қазіргі Саратов мемлекеттік заң академиясы) оқып, еңбек жолын прокуратура органдарында бастады, кейіннен партиялық органдарда қызмет етеді.

1967 жылы КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетіндегі (КГБ) қызметін төраға Юрий Андроповтың көмекшісі болып бастаған. 1971 жылы сыртқы барлауға жауапты КГБ-ның Бірінші бас басқармасы бастығының бірінші орынбасары болып тағайындалады. 1978 жылы осы басқарманың бастығы және КГБ төрағасының орынбасары, ал 1988 жылдан бастап КГБ төрағасы болды.

1989 жылы Кеңес Одағы Коммунистік партиясы Орталық Комитеті Саяси бюросының (КОКП ОК Саяси бюросы) мүшесі, 1990 жылғы наурыздан бастап КСРО Президенттік кеңесінің мүшесі болды.

1991 жылғы тамызда Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комитеттің (ГКЧП),  мемлекеттік төңкеріс жасауға және сол арқылы Кеңес Одағының ыдырау процесін тоқтатуға әрекеттенген КСРО үкіметінің жоғары лауазымды тұлғалар тобының құрамына кірді. Бүлік (путч) сәтсіз аяқталғаннан кейін ол тұтқындалып, Михаил Горбачевтың жарлығымен КГБ төрағасы лауазымынан босатылды. Оған «Отанға опасыздық жасады» және «билікті асыра пайдаланды» деген айыптар тағылды.

1993 жылы қаңтарда ГКЧП-ның басқа мүшелерімен бірге ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды. 2007 жылы 23 қарашада Мәскеуде дүниеден озды.

 

Дереккөздер:

ТАСС

Lenta.ru

Википедия

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу