Басты бетке қайту

Мәулен Әшімбаев (1971 жылы 28 қаңтарда туған)


Маулен Ашимбаев
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының сайты

Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев 1971 жылы 28 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген. 1993 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Саяси ғылымдардың кандидаты (2001), АҚШ-тағы Джонс Хопкинс университеті мен Тафтс университетінде ғылыми тағылымдамадан өткен.

Қазақстанның Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігі жүйесінде жұмыс істеді, Жоғарғы Кеңес депутатының көмекшісі, Қауіпсіздік Кеңесі аппаратының консультанты, аға сарапшысы, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры және Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары болды.

2012-2016 жылдары Парламент Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

2018 жылдан бастап «Нұр Отан» (қазіргі «Аманат») партиясы төрағасының бірінші орынбасары болды.

2019 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде түрлі лауазымдарды, соның ішінде Президент көмекшісі және Әкімшілік Басшысының бірінші орынбасары лауазымдарын атқарды.

2020 жылғы 4 мамырдан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы қызметінде.

 

Дереккөздер:

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының сайты

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу