Басты бетке қайту

Шерхан Мұртаза (1932-2018 ж)


Шерхан Мұртаза
Дереккөз: Википедия

Шерхан Мұртаза Оңтүстік Қазақстан облысының (қазіргі Жамбыл облысы) Жуалы ауданындағы Талапты ауылында дүниеге келген. 1955 жылы Михаил Васильевич Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген.

Шығармашылық жолын студенттік жылдары Лазарь Лагинның «Хоттабыч қарт» және Мұстай Кәрімнің «Біздің үйдің қуанышы» туындыларын қазақ тіліне аударудан бастаған. 1958 жылы «Құрылысшы Даку» атты алғашқы очерктер жинағы жарық көреді.

Университет бітіргеннен кейін, 1955–1962 жылдары Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында («Жазушы» баспасы) редактор, «Лениншіл жас», «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») республикалық газеттерінде әдеби қызметкер, меншікті тілші болып жұмыс істейді.

1971–1972 жылдары — «Жалын» әдеби-көркем альманахының бас редакторы. 1973 жылы Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы және «Жұлдыз» әдеби-көркем, қоғамдық-саяси журналының бас редакторы болды. 1975 жылдан 1994 жылға дейін «Қазақ әдебиеті», «Социалистік Қазақстан» республикалық газеттерінің бас редакторы, Республикалық мемлекеттік телевизия және радиохабарларын тарату жөніндегі комитеттің төрағасы қызметтерін атқарды.

1992–1994 жылдары Қазақстанның мемлекеттік телерадио хабарларын тарату комитетінің төрағасы болады. 1995 жылдан бастап шығармашылық қызметпен айналысты.

2018 жылы 9 қазанда 87 жасқа қараған шағында Алматыдағы өз үйінде дүниеден озды.

«Қара маржан» және «Қызыл жебе» романдарының, «Сталинге хат» және «Бесеудің хаты» пьесаларының авторы.

 

Дереккөздер:

 

Wikipedia

Nur.kz

 

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу