
Ольга Видова
Дереккөз: Flip
Ольга Ивановна Видова — филология ғылымдарының докторы, XIX ғасырдағы орыс мәдениетін зерттеуші. Қазақстанда тұрады және жұмыс істейді. Пушкин плеядасы ақындарының шығармашылығы тұрғысынан XIX ғасырдағы орыс мәдениетіне арналған бірқатар кітаптардың авторы: «Души неясный идеал…», «Проблема эстетического идеала в творчестве А.С. Пушкина» (2004 жыл), «Русский Ренессанс» (2009 жыл), «Пред мощной властью красоты. Тайна портретов Николаевской эпохи (1820-1840 гг.)» (2018) және т.б.
Ол Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің проректоры, Шығыс Қазақстан облысы Білім департаментінің бастығы, «Өскемен қаласындағы Орыс орталығы» мекемесінің директоры қызметтерін атқарды.
Сонымен қатар, посткеңестік кеңістіктегі қазіргі заманғы саяси және рухани өмірге арналған еңбектердің, атап айтқанда, Ресей Президенті туралы бірнеше кітаптың («Путин. Зрелость президента», «Путин. Наш среди чужих») авторы.
Ольга Видова Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған бірқатар кітаптар сериясын жазды: «Феномен Назарбаева» (1997), «Нурсултан Назарбаев. Портрет человека и политика» (2002), «След в истории. Нурсултан Назарбаев» (2004), «Нурсултан Назарбаев» (2014). Бұл кітаптар қытай, ағылшын және қазақ тілдеріне аударылған. Шығармаларда автордың Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен қызметіне деген өзіндік көзқарасы баяндалған. Мұнда оның саяси тұлға ретінде қалыптасу жолын сипаттап қана қоймай, Тұңғыш Президент «феноменінің» құпиясын ашуға тырысқан.

Видованың «Феномен Назарбаева» кітабының мұқабасы
Дереккөз: Читай-Город
Ол «Русский мир» қорымен ынтымақтаса отырып, Ресейдің мәдени мұрасын шетелде насихаттау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізуде. Ресей Федерациясы Президентінің Жарлығымен 2014 жылдың ақпанында Ольга Видова Ресей Федерациясымен достық пен ынтымақтастықты нығайтуға, Ресей мен Қазақстан арасындағы ғылыми және мәдени байланыстарды дамытуға қосқан зор үлесі үшін Александр Сергеевич Пушкин медалімен марапатталған.
Дереккөздер:
«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу