Басты бетке қайту

Орталық Комитеті пен Министрлер Кеңесінің Қызыл Туы

Қызыл Ту бастапқыда революциялық күрестің символдарының бірі болды. 1918 жылы құрметті Қызыл Ту Қызыл Ту орденімен бірге Кеңес мемлекетінің алғашқы мемлекеттік наградасы болды. Әрі қарай КСРО-да Қызыл Ту геральдика мен марапаттау жүйесінде белсенді қолданылды.

1973 жылы негізгі партиялық және кеңестік органдардың бастамасымен КОКП ОК (Кеңес Одағы Коммунистік партиясының Орталық Комитеті), КСРО Министрлер Кеңесі (Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы), ВЦСПС (кәсіподақтардың Бүкілодақтық Орталық кеңесі) және ВЛКСМ ОК (Бүкілодақтық Лениндік коммунистік жастар одағының Орталық Комитеті) қызыл тулар, содан кейін республикалық, өлкелік және облыстық ұйымдарының өтпелі тулары құрылды. Марапат «ауыспалы» болды, яғни марапатталған адам оны кезекті қорытынды шығарғанға дейін иеленді және егер ол тиісті салада көшбасшылық ұстанымын жоғалтса, туды жаңа көшбасшыға тапсырып отырды.

Бүкілодақтық социалистік жарыстағы жеңімпаздың Қызыл Туы

Дереккөз: Государственный исторический музей

КОКП ОК, КСРО Министрлер Кеңесі, ВЦСПС және ВЛКСМ ОК Қызыл Туы - өндіріс жоспарын орындағаны, Еңбек өнімділігі мен өнім сапасын жақсартқаны, үнемдегені және ғылыми-техникалық прогресі үшін Бүкілодақтық социалистік жарыста жеңімпазға басты марапат. Марапаттарға бүкіл республикалар немесе аймақтар, мысалы, жыл немесе бесжылдықтың қорытындысы бойынша, сондай-ақ жекелеген қалалар, кәсіпорындар, колхоздар, жоғары оқу орындары ие болуы мүмкін болды. Мысалы, 1976 жылы Бүкілодақтық социалистік жарыстың қорытындысы бойынша КОКП ОК, КСРО Министрлер Кеңесі, ВЦСПС және ВЛКСМ ОК ауыспалы Қызыл Туымен Кентау қаласы (қазіргі  - Түркістан облысы), 1979 жылы Қарағанды политехникалық институтының ұжымы, ал Лисаков тау – кен байыту комбинатының (Қостанай облысы) еңбек ұжымы, 1979, 1981 және 1986 жылдары КОКП ОК, КСРО Совмині, ВЦСПС ОК және ВЛКСМ ОК  ауыспалы қызыл тумен марапатталды.

Республикалар, облыстар мен аудандар, жекелеген ведомстволар немесе ұйымдар деңгейінде құрылған өндірістік жарыстарда жеңімпазға сыйақы ретінде Ауыспалы Қызыл тулар тиісті деңгейде – жекелеген аудандарға, ұжымдарға, бригадаларға және т.б. берілді. Әдетте тудың табысталуы ақшалай сыйлықтармен толықтырылды.

Дереккөздер:

 

Большая Советская Энциклопедия 

Википедия 

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу