Басты бетке қайту

Адай (Маңғышлақ) көтерілісі (1929-1932)

20-шы жылдардың аяғы мен ХХ ғасырдың 30-шы жылдарының басында қазіргі Қазақстан аумағында Кеңес өкіметі жүргізіп отырған ұжымдастыру саясатына (жерді, малды және өндіріс құралдарын қоғамдастыра отырып, ауылдық жерлерде ұжымдық шаруашылықтар құру) қарсы жаппай төңкерістері өтті.

Антисоветтік қимылдарының себептері қазақ халқының ғасырлар бойғы өмір салтын ескермей ұжымдастыру, көбінесе – зорлық-зомбылық әдістерімен, көшпелі мал шаруашылығы мәдениетінің жойылуы, күштеп қоныстану саясаты болды. Бұл әрекеттердің барлығы ауа райының қолайсыздығымен, салықтардың өсуімен және ауыл халқының ауқатты бөлігін жою саясатымен бірге қазақтардың дәстүрлі өмір салтының бұзылуына, өмір сүру деңгейінің күрт төмендеуіне және жаппай ашаршылыққа алып келді. Бұл өз кезегінде қазақтардың ата-баба жерлерінен кетуіне және жүргізіліп жатқан саясатқа жаппай қарулы қарсылық тудырды.

Маңғышлақ түбегіндегі оқиғалар ең ауқымды көтерілістердің бірі болды. Олар Батыс Қазақстаннан Түрікменстан мен Қарақалпақияға дейінгі аумақты қамтыды. Оларға негізінен Табын және Адай руларының қазақтары қатысты. Бұл аймақта 20-шы жылдардың аяғынан бастап антисоветтік наразылықтар байқалды, бірақ ең белсенді қақтығыстар 1931 жылдың көктемі мен жазында болды: Кеңес өкіметі қазақтардың Түркіменстанға, Қарақалпақстанға және Кавказға жаппай қоныс аударуына кедергі бола бастады, Бұл күрт қарулы кһтеріліс тудырды. Адай көтерілісін басу үшін Маңғышлаққа тұрақты Қызыл Армия мен ОГПУ күшінің бөліктері жіберілді (біріккен мемлекеттік саяси басқару – тыңшылыққа, контрреволюцияға және «Кеңес өкіметіне жат элементтерге» қарсы күресу үшін КСРО-дағы мемлекеттік қауіпсіздіктің арнайы органы). Екі жақтан да үлкен шығындармен шайқас 1931 жылдың қыркүйегіне дейін созылды, көтеріліс басылды, қатысушылардың бір бөлігі Иран, Ауғанстан және Түрікменстан аумағына қашып үлгерді. Аймақта қарсылықтың жекелеген көріністері 1932 жылға дейін байқалды.  

Адай көтерілісі ісі бойынша сотқа 700-ден астам адам тартылды, олар халықтың жауы ретінде сотталды, жоғары деңгейге дейін әртүрлі жазаларға айыпталды.

 

Дереккөздер:

Тарих

World of NAN

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің хабаршысы

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу