
Өтеген батыр
Дереккөз: E-history.kz
1699 жылы Қазақстанның қазіргі Мойынқұм ауданының аумағында Шу өзенінің төменгі сағасында дүниеге келген. Ұлы жүздің Жаныс руынан шыққан.
Халық аңыздары бойынша, оның әкесі Өтеғұлдың 12 ұлы обадан қайтқан. Жасы 50-ге тақаған Өтеғұл қабырғасы қайысып, жұбаныш таппай зар жылаған екен. Бірде түсіне ақсақал кіріп: «Жылама, қайтыс болған 12 ұлыңның орнын бір өзі басатын ұл туады», - деп жігерлендіреді. Көп ұзамай әйелі Нұрбала ұл туады, бұл Өтеген кейіннен өз руының даңқын асқақтатады.
Он бес жасынан бастап Шығыс Қазақстан мен Жетісуда жоңғарлармен күресті. Бірқатар зерттеушілердің мәліметтері бойынша, ол Бұқара, Самарқанд, Кабул, Исфахан, Тегеранда тұрған және Стамбулда тұрып, білім алған. Өзінің батылдығы мен білімі үшін Абылай хан мен Төле бидің үзеңгілес серігі болған. Қазақтың ұлы батырлары Райымбек, Тауасар, Хангелділермен бірге қазақ-жоңғар соғысына қатысты.
1729 жылы Аңырақай шайқасына қатысты (қазақ-жоңғар соғыстары сериясындағы қазіргі Алматы облысының аумағында Балқаш пен Алакөл арасындағы Аңырақай шатқалында болған аңызға айналған шайқас). Бұл шайқасқа қазақ жерінің әйгілі батырларының барлығы, би, сұлтандар, ру басылары қатысқан. Көптеген жылдарға созылған қақтығыс шегіне жетіп, біріккен қол шешуші жеңіске жетті.
1740 жылы жоңғарлармен Іле өзенінде Төле би отрядының құрамында шайқасқан.
Бірқатар зерттеушілердің пікірінше, 1756 жылы Қытаймен бітім жасасу жөнінде Абылай ханмен тартысқа түскен. Бізге жеткен аңыз бойынша, шайқастардың бірінде ол тұтқынға алынып, Қытай асырылған. 17 жылдан кейін ғана Өтеген батыр туған өлкесіне, қазіргі Қапшағай аумағына оралған, дәм-тұзы осында таусылып, 1773 жылы жерленген.
1973 жылы қабірді Қапшағай су қоймасының сулары басуы қаупіне байланысты
Жамбыл облысы Қордай ауданында қайта жерленген. Өтеген ауылынан (бұрынғы Кеңес ауылы) солтүстік-шығысқа қарай екі шақырым жердегі биік төбеде 1999 жылы Өтеген батыр кесенесі салынды.

Өтеген батыр кесенесі
Источник: Gov.kz
Ерліктерін ақындар (қазақ халқының суырып салма ақындары) жырға қосқан. Ең танымал туындылардың бірі - «Өтеген батыр» жырын Жамбыл Жабаев шығарған.
Дереккөздер:
«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу