Басты бетке қайту

Николай (Микола) Литошко (1940-2011)


Микола Литошко
Дереккөз: Қазақстан халқы Ассамблеямы

Николай (Микола) Литошко 1940 жылы 19 наурызда Украинаның Днепропетровск облысының Ромашково селосында (2016 жылға дейін Днепродзержинск аталған Каменское қаласындағы тарихи мекен) дүниеге келген.

1958 жылдан бастап Дзержинский атындағы металлургия комбинатында жұмыс істеді (қазір - Камет-сталь, Украина өнеркәсіптік кешеніндегі толық металлургиялық циклды ең ірі кәсіпорындардың бірі).

Николай Литошко мен Нұрсұлтан Назарбаев 1958 жылы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Днепродзержинск қаласында (қазір – Каменское қаласы, Днепропетровск облысы, Украина) Днепр металлургия зауытының жанындағы кәсіптік-техникалық училищеде оқыған кезде танысып, дос болды. Екеуі де күрес секциясында жаттыққан, сонда танысқан. Нұрсұлтан Назарбаев Николай Литошконың отбасында жиі болған, туыстарымен таныс болған.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Николай Литошко

Дереккөз: «Қазақстан тарихы» порталы

1960 жылы Николай Литошко Теміртауға келеді. Қазводканалстрой басқармасында жұмыс істеді. 1961 жылы Қарағандыдағы ауыл шаруашылығын механикаландыру училищесін бітірген. Кейін әскер қатарындағы мерзімді қызметті өткергеннен кейін Украинаға оралды.

1994 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен Қазақстанға келді. Осында  өмір сүріп, жұмыс істеді, сайлауда Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сенім білдірген өкілі болды, «Оберег» украиндар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің бірінші басшысы қызметін атқарды.

2011 жылғы 16 қазанда дүниеден озды.

 

Дереккөздер:

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Sputnik Қазақстан

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу