Сталиндік саясатты бағалауды қайта қарау 1953 жылы Иосиф Сталин (1922-1952 жылдары Бүкілодақтық Коммунистік партияның Орталық Комитетінің Бас хатшысы) қайтыс болғаннан кейін басталды. Алайда, Никита Хрущевтің ол КОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып сайланғаннан кейін 1956 жылы ақпанда Кеңес Одағы Коммунистік партиясының (КОКП) XX съезінде жасаған «Жеке тұлғаға табыну және оның салдары туралы» баяндамасы аса маңызды және бетбұрысты оқиға болды. Баяндама Иосиф Сталиннің жеке басына табынушылық пен оның саясатын айыптауға арналды – өзінің жеке тұлғасына табынуды жасау және бұны көтермелеп отыру, өз қолына шектеусіз билікті шоғырландыру және коммунистік ұжымдық көшбасшылық қағидаларын бұзу; партия және мемлекет қайраткерлеріне, әскери, зиялы қауымға және қарапайым азаматтарға қарсы жаппай қуғын-сүргін ұйымдастыру және тергеудің заңсыз әдістері; оның (Иосиф Сталиннің) Ұлы Отан соғысындағы рөлін асыра сілтеу және т. б..
Никита Хрущевтің сөзі аяқталғаннан кейін ХХ съезд делегаттары баяндаманың ережелерін мақұлдау және оны ашық баспасөзде жарияламаусыз партиялық ұйымдарға жіберу туралы қаулылар қабылдады. Съезден кейін баяндаманың қысқартылған мәтіні әлем елдерінің компартияларына жіберілді. «Жеке тұлғаға табыну және оның салдары туралы» баяндама редакцияланған түрінде тек 1989 жылы «КОКП Орталық Комитетінің жаңалықтары» журналында басылды.
1956 жылдың жазында КОКП Орталық Комитетінің «Жеке тұлғаға табынушылықты және оның салдарын жеңу туралы» қаулысы жарияланды, онда «жеке тұлғаға табыну» социализмнің табиғатын өзгертпегеніне, ал сталиндік жылдардағы «партиялық нормаларды бұзушылықтардың» барлық жағымсыз салдары сәтті еңсерілгеніне баса назар аударылды.
Осы құжат қабылданғаннан кейін бүкіл ел бойынша бұрынғы көсемнің жеке басына табынудың сыртқы белгілері жойыла бастады - Иосиф Сталинге салынған ескерткіштерді бұзылды, толып жатқан портреттері алынып тасталды. Атаулар жаппай қайта өзгертілді. Атап айтқанда, Сталинград қаласы Волгоград, Тәжік КСР астанасы Сталинабад - Душанбе болып қайта өзгертілді. Үкіметтің шешімімен көптеген көркем фильмдер цензураға ұшырады және Иосиф Сталиннің «күштеп таңылған бейнесінен» босатылды. 1962 жылы ИС (Иосиф Сталин) паровоздары ФДп (Феликс Дзержинский, жолаушылар нұсқасы) болып және басқа да нысандардың атаулары қайта өзгертілді.
Дереккөздер:
«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу