1991 жылдың қарашасында АҚШ Конгресі сенаторлар Сэм Нанн мен Ричард Лугардың бастамасымен «Қауіпті бірлесіп азайту бағдарламасын» мақұлдады (Cooperative Threat
Reduction Program), ол бойынша қарусыздану туралы шарттарға сәйкес бұрынғы КСРО елдеріне ядролық, химиялық және биологиялық қару қорларын жоюға көмек көрсету көзделді. Бағдарлама АҚШ Қорғаныс министрлігінің қауіпті азайту агенттігінің (DTRA) қатысуымен жүзеге асырылды.
1992 жылы Конгресс осы мақсаттарға $400 миллион бөлді, содан кейін осындай сома жыл сайын бөлініп отырды. 1992-2012 жылдары АҚШ Нанна-Лугар бағдарламасына барлығы $8,79 миллиард бөлді. Бұл ақшаға Ресейге, Украинаға, Қазақстанға және Беларуссияға жабдықтар, қызметтер мен консультациялар берілді. Сондай-ақ, америкалық мамандар бөлінген жабдықтар мен технологиялардың тек қаруды жою үшін пайдаланлуына бақылау жүргізді.
Қазақстанда Нанна-Лугар бағдарламасы 1992 жылы жұмыс істей бастады және 1995 жылдың мамырына қарай ядролық қару Қазақстан аумағынан шығарылды, ал зымыран қондырғылары жойылды. 2003 жылы Қазақстан америкалық сенаторлар Ричард Лугар мен Сэм Наннның қосқан үлестерін жоғары бағалап, оларды 1-дәрежелі «Достық» ордендерімен марапаттады.
Дереккөздер:
«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу