Басты бетке қайту

Борис Березовский (1946-2013)


Борис Березовский
Дереккөз: РБК

Борис Абрамович Березовский 1946 жылы 23 қаңтарда Мәскеуде инженер отбасында дүниеге келген. 1967 жылы Мәскеу орман техникалық институтын, 1973 жылы ММУ механика-математика факультетін бітірді. 1983 жылы кибернетика бойынша докторлық диссертация қорғады.

1989 жылдан бастап "ЛогоВАЗ" компаниясын құрып, автомобиль бизнесімен айналысты. Компания Ресейде танымал "Жигули" автомобильдерін сату мен оларға қызмет көрсетуде маңызды рөл атқарды, 1991 жылы КСРО-да Mercedes-Benz ресми импорттаушысы мәртебесін алды.

1993 жылы ол қуаты жылына 300 000 автомобиль құрайтын "халықтық" автомобиль зауытын салу үшін құрылған "Бүкілресейлік автомобиль альянсын" (AVVA) басқарды. Акциялар шығару арқылы жиналған ақша – шамамен $50 млн. "Жигулей" өндірушісі "АвтоВАЗ" компаниясының  акцияларын сатып алуға жіберілді.

1990 жылдардың басынан бастап саясатпен белсенді айналысып, саяси ықпалдан өз бизнесі үшін артықшылықтар алып отырды. 1996 жылы Ресей президенті Борис Ельцинді қайта сайлау науқанының белсенді қатысушысы.

1996–1997 жылдары – Ресей Федерациясы Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары. 1998-1999 жылдары – Тәуелсіз мемлекеттер одағының (ТМД) атқарушы хатшысы.

1994 жылы ол Қоғамдық ресейлік теледидарды (ОРТ) құрушылардың бірі, оны жекешелендіруді ұйымдастырушы болды (акцияларының 49%-ына иелік етті). 1999 жылы "Коммерсант"баспа үйін сатып алды.

2000 жылғы президенттік науқанда ол кандидат Владимир Путинді қолдады. Владимир Путин Ресей Федерациясының президенті болып сайланғаннан кейін, өзінің іскерлік қызметіне қатысты сот талқылаулары жағдайында Борис Березовский елде жүргізіліп жатқан реформаларды белсене сынай бастады.

2001 жылы ол Ресейден кетті, 2003 жылы Ұлыбританияда саяси баспана алып, Ресейдегі активтерін біртіндеп жоғалтты.

Эмиграцияда Борис Березовский бизнеспен  айналысуын жалғастырды және Ресей билігін белсенді  түрде сынға алды. Ресейде де, сол сияқты басқа елдерде де бірқатар қылмыстық істер бойынша айырталып, халықаралық іздеу жарияланды. Атап айтқанда, Ресей соты Борис Березовскийді "Аэрофлот" компаниясынан 200 миллион рубльден аса, СБС-Агро банкінен 10 миллион доллардан аса (2007), "АвтоВАЗ" компаниясынан 143 миллион рубль (2009) жымқырғаны үшін кінәлі деп тапты. 2007 жылы Бразилияның Бас прокуратурасы Борис Березовскийді ақшаны жылыстату күдігіне ілінген Media Sports Investment инвестициялық тобының ісіне байланысты халықаралық іздестіруге сұрау салды

2006 жылы Ресейдің Бас прокуратурасы Борис Березовскийге қарсы "билікті күшпен басып алуға бағытталған" әрекеттері үшін қылмыстық іс қозғады және оны беруді талап етті, бірақ Ұлыбритания билігі бұдан бас тартты. 2007 жылы британиялық "Гардиан" газетіне берген сұхбатында Борис Березовский Ресейде төңкеріс дайындап жатқан жақтастарын қаржыландыратынын мәлімдеді.

Өмірінің соңына қарай Борис Березовскийдің қаржылық жағдайы бірнеше сотта, соның ішінде Лондонның Жоғарғы Сотында Роман Абрамовичке қарсы берілген "Сибнефть" үшін өтемақы төлеу жөніндегі талапта (сот шешіміне сәйкес Борис Березовскийдің компанияға ешқандай құқығы болмаған) жеңіліске ұшырағаннан кейін қатты нашарлады.

2013 жылдың 23 наурызында Борис Березовский Лондоннан 40 шақырым жерде орналасқан Аскот қаласындағы үйінде өлі күйінде табылды. Өлім себептері даулы мәселе болып қалуда, болған оқиғаның ресми нұсқасы -өзін-өзі өлтіру. Британдық Суррей графтығындағы Бруквуд зиратында жерленген.

 

Дереккөздер:

ВВС

Forbes

 

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу