
Халықаралық Түркі академиясының логотипі
Дереккөз: Международная тюркская академия
Халықаралық ғылыми орталық - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысы бойынша Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия Түркі әлемін зерттеу мақсатында құрылған орталық.
2009 жылғы 3 қазанда Нахичевень қаласында (Әзірбайжан) өткен Түркі мемлекеттері басшыларының саммитінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев түркі әлемін зерттеу үшін ғылыми орталық құру туралы ұсыныс енгізді. Бір жылдан кейін Астанада Бейбітшілік және Келісім Сарайында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Түркі академиясы ашылды.
2012 жылы Қырғыз Республикасының астанасы Бішкекте Түркі мемлекеттері Ұйымының (Түркі кеңесі) II саммитінде төрт елдің президенттері халықаралық Түркі академиясын құру туралы келісімге қол қойды.
Түркі академиясына төрт мүше мемлекет кіреді (Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан және Түркия), екі мемлекет бақылаушы мәртебесіне ие (Венгрия – 2018 жылы, Өзбекстан – 2022 жылы). 2022 жылы Түркі академиясы мүше мемлекеттерден бюджет пен халықаралық персонал ала отырып, толыққанды халықаралық ұйым ретінде жұмыс істей бастады. Түркі Академиясының Штаб-пәтері Қазақстанның Астана қаласында орналасқан.
Академия түркі мемлекеттерінің ұйымымен аффилиирленген, оны әр мүше мемлекеттің білім министрлерінен, сондай-ақ Түркі академиясының президенті мен вице-президенттерінен тұратын Ғылыми кеңес басқарады. Ғылыми кеңес төрағасының міндеттерін жыл сайын ротацияланатын Академияға мүше барлық мемлекеттердің өкілдері кезекпен орындайды. Түркі мемлекеттері ұйымдарының сыртқы істер министрлерінің кеңесі Түркі академиясының бюджетін бекітеді.
Президент академияға мүше елдердің бірінің өкілін 4 жыл мерзімге тағайындайды. 2010-2014 жылдары академияны филология ғылымдарының докторы Шәкір Ибраев (Қазақстан) басқарды. 2014 жылғы 5 маусымда Түркі кеңесінің 4 Саммитінде төрт мүше мемлекет басшыларының шешімі бойынша Академия президенті болып тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі Дархан Қыдырәлі тағайындалды. 2022 жылдан бастап Академия басшысы-Шахрин Маджид Оғлы Мұстафаев, тарих ғылымдарының докторы, Әзірбайжан Ұлттық Ғылым академиясының академигі.
Түркі академиясы мүше және бақылаушы мемлекеттердің барлық үкіметтерімен және ғылыми ұйымдарымен, сондай-ақ түркі ынтымақтастығы ұйымдарымен және халықаралық құрылымдармен тығыз жұмыс қатынастарын қолдайды.
Академия түркі әлемін зерттеу бағдарламаларын жүзеге асырады: әлеуметтанулық зерттеулер, археологиялық экспедициялар, ғылыми және оқу материалдарын шығару, форумдар мен конференциялар ұйымдастыру. Жылына екі рет «Түркі академиясының хабаршысы» ағылшын тілінде шығады.
Дереккөздер:
Халықаралық Түркі академиясының сайты
«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу