Басты бетке қайту

Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ)


Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасының (БҰҰДБ)эмблемасы
Дереккөз: Программа развития Организации Объединенных Наций (ПРООН)

Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) 1965 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының шешімімен құрылды және БҰҰ жүйесінің дамуға мүше мемлекеттеріне өтеусіз және саясаттандырылмаған көмек көрсетудегі жетекші ұйымы.

БҰҰДБ-ның негізгі мақсаттары: дамушы елдерге кедейлік пен теңсіздікті жоюға жәрдемдесу, тұрақты демократиялық басқаруды қолдау, энергияға қол жеткізуді қамтамасыз ету және қолайлы ортаны сақтау. БҰҰДБ 177 елде және аумақта жұмыс істейді және өз қызметін үш негізгі салада жүзеге асырады: тұрақты даму, демократиялық басқару және бейбітшілік, климат және табиғи апаттарға төзімділік. Бағдарламаның басқарушы органы Атқарушы кеңес болып табылады, оған 5 өңірлік топтан 36 мемлекеттің өкілдері кіреді. Атқарушы кеңестің мүшелері БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік кеңесінің (ЭКОСОС) сессиясы барысында 3 жыл мерзімге сайланады.

БҰҰДБ жобалары мен операциялары БҰҰ-ға мүше мемлекеттер мен бақылаушылардың, көпжақты институттардың, жеке сектордың және басқа да көздердің ерікті жарналары есебінен қаржыландырылады. БҰҰДБ-ға жыл сайын жарналар мен қайырымдылықтар шамамен 5 миллиард долларды құрайды.

БҰҰДБ құрамына Нью-Йорктегі БҰҰДБ штаб-пәтерінде орналасқан 5 өңірлік бюро (Еуропа және ТМД елдері, Таяу Шығыс, Африка, Азия және Тынық мұхиты, Латын Америкасы үшін) кіреді. Олардың міндетіне ұйымның елдік бөлімшелерінің қызметіне сараптамалық жәрдемдесу, сондай-ақ донор елдермен өзара іс-қимыл мәселелері кіреді. Жобаларды іске асыруда БҰҰДБ-ның Стамбул (Түркия), Амман (Иордания), Аддис-Абеба (Эфиопия), Бангкок (Тайланд) және Панама (Панама) қалаларындағы 5 өңірлік бөлімшелері (хабтары) жедел қолдау көрсетеді. Қазақстанда БҰҰДБ кеңсесі 1993 жылы, ел БҰҰ-ға кіргеннен кейін көп ұзамай ашылды. Қазақстандағы БҰҰДБ жобаларының ішінде: ауыл шаруашылығы өндірісінің орнықты жүйесін ілгерілету және Солтүстік Қазақстанның экожүйелерін сақтау; Қазақстан Республикасы Үкіметінің және БҰҰ Даму бағдарламасының бастамасымен құрылған Мемлекеттік қызмет саласындағы Астана Hab-ы; халықтың осал топтарын әлеуметтік қорғау; жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне арналған тренингтер жүргізу.

Дереккөздер:

Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ)

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу