Жекешелендіру - бұл мемлекетке немесе муниципалитетке тиесілі мүлікті, активтерді немесе бизнесті жеке немесе заңды тұлғаларға жеке меншікке беру процесі. Жекешелендірудің негізгі мақсаты-ресурстарды басқару тиімділігін арттыру, инвестициялар тарту, мемлекеттік бюджетке жүктемені азайту және нарықтық экономиканы дамыту.
Әлемдік тәжірибеде мемлекет мүлкін жеке кәсіпкерлерге толық немесе ішінара берудің 22-ге жуық түрлі тәсілдері бар. Ең көп таралған тәсілдер:
ХХ ғасырда жекешелендіру кең таралған құбылыс болды. Мысал ретінде 1950 жылдары Ұлыбританияда болат құю өнеркәсібін сату, 1960 жылдары мемлекет Volkswagen концернінің бақылау пакетін нарыққа шығарған кезде ГФР-дағы мүлікті жаппай сату және т.б. 1970 жылдары Чилидегі генерал Пиночет жаппай жекешелендіруді жүргізді.
1990 жылдардың басынан бастап жекешелендіру Шығыс Еуропа елдерінде, сондай-ақ посткеңестік кеңістік елдерінде өтті.
Дереккөздер:
«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу