
Қойшығара Салгарин
Дереккөз: Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты
1939 жылы Қостанай облысы Көктал ауылында дүниеге келген. 1959 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетіне филология факультетінің журналистика бөліміне оқуға түседі (қазіргі - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті)
Қазақ КСР мемлекеттік телерадиосында, «Сельская жизнь», «Социалистік Қазақстан» (қазіргі – «Егемен Қазақстан») баспаларында қызмет атқарды.
1993 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының М. О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтына (қазіргі - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы) жұмысқа тұрды. Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады.
1993-1997 жылдары - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті жанындағы мемлекеттік саясат жөніндегі Ұлттық кеңестің мүшесі.
2001 жылдан — Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Еуразия» гуманитарлық зерттеулер ғылыми орталығының бас ғылыми қызметкері.
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке тапсырмасы бойынша 1997 жылы Қытай Халық Республикасына (ҚХР) қазақ халқының тарихы бойынша мұрағат материалдарын жинау үшін барды. Сондай-ақ, осы уақытта Қазақстанның ҚХР-дағы Елшілігі жанындағы мәдениет жөніндегі кеңесші қызметін атқарады.
Қытай мұрағаттарында жұмыс істеген екі жыл ішінде Қазақстанның ежелгі, сондай-ақ ерте және кеш ортағасырлық тарихы, атап айтқанда, Қазақ хандығының тарихы бойынша құжаттардың орасан зор қыртыстарын зерттеді. Жұмыстың нәтижесі 10 томдық зерттеу еңбектері - Қытай дереккөздеріндегі түркі тарихы туралы материалдар болды. Олардың ішінде «Түркі әлемі», «138 құжат», «Қытай деректері: атаулары мен терминдері» сияқты шығармалары бар.
Қойшығара Салгарин тарих ғылымына үлкен үлес қосып, оны жаңа идеялармен және ғылыми негізделген тұжырымдармен байытып, Қазақстан тарихы бойынша дереккөздер базасын кеңейтті. Түркология саласындағы үздік жетістіктері үшін Қойшығара Салгариннің «Ұлы қағанат» жұмысы 2009 жылы Күл-Тегін атындағы сыйлыққа (түркология саласындағы үздік жетістіктері үшін мемлекеттік сыйлық) ие болды.
Дереккөздер:
«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу