Басты бетке қайту

Захаш Камалиденов (1936 –2017)

Захаш Камалиденов
Дереккөз: Dalanews.kz

Захаш Камалиденұлы Камалиденов 1936 жылы 10 маусымда Қазақ КСР Гурьев облысы Орпа ауылында (қазіргі - Атырау облысы) дүниеге келген.

1958 жылы Иван Губкин атындағы Мәскеу мұнай институтын инженер – механик мамандығы бойынша бітірді.

1958 жылдан бастап Гурьев облысы Қаратон кентінде мұнай айдаудың аға операторы, 1959 жылдан Терен – Узюк кен орнының мұнай кәсіпшілігі басқармасы цехының бастығы болып жұмыс істеді.

1959 жылдан бастап комсомол және партия құрылымдарында түрлі басшылық қызметтер атқарды, 1960 жылы Кеңес Одағының Коммунистік партиясына (КОКП) қосылды.

1979-1980 жылдары Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (КСРО) Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті (КГБ) инспекторлық басқармасының аға инспекторы, кейін – Қазақ КСР КГБ төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.

1980 жылы Қазақ КСР Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы болды. 1982 жылы-Қазақ КСР КГБ төрағасы. 1985-1988 жылдары қайтадан Қазақ КСР Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы, кейін - Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының төрағасы болды.

КСРО Жоғарғы Кеңесінің және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды.

1988 жылдың соңында зейнетке шықты. 2017 жылы 7 мамырда Алматыда қайтыс болып, Кеңсай зиратында жерленген.

«Лениннің өсиеттеріне адал» (1974) және «Партияның адал көмекшісі» (1978) кітаптарының авторы.

Ленин, Октябрь Революциясы, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.

 

Дереккөздер:

Википедия

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу